География | Жапония танжарык

Жер аумағы, шекаралары, жағдайы: күн-шығыс елі. Аумағы жағынан Жапонияны Батыс Еуропадағы ең ірі елдермен және АҚШ-тың штаттарымен салыстыруға болады. Алайда, ол құрамы мен кескін – келбеті жағынан олардан мүлде өзгеше. Жапония төрт ірі және төрт мыңдай ұсақ аралға қоныстанған аралдар елі.

Бұл тұтасымен аралдар әлемі! Жапония салыстырмалы түрде табиғи ресурстарға кедей де, жағалауға бай. Жағалау сызығының ұзындығы (30 мың км) жағынан ол АҚШ сияқты үлкен елді басып озады және бүкіл Африкамен теңестіруге болады. Жапонияның экономикалық – географиялық жағдайы (ЭГЖ-ы) ең алдымен, былайша айқындалады: Еуразия құрылығы мен Тынық мұхиттың түйіскен жеріндегі және Азия – Тынық мұхиты аймағының дәл ортасындағы Жапония орналасқан аралдар тізбегінің (доғасының) ұзындығы 3,5 мың км-ге созылады. Бұл Жапонияның халықаралық географиялық еңбек бөлінісіне қатысуы үшін өте үлкен мүмкіндік береді. Азияның ең шығысында Жапонияның орны оның «Күншығыс елі» дейтін атауынан да бейнелі көрініс тапқан. ....
Рефераттар
Толық