Биология | Поллиноз

Поллиноз[1] (латын тілінде pollen — өсімдік пен шөп тозаңы және osіs — ауру) — жоғары тыныс жолдары мен көздің шырышты қабығына өсімдік тозаңының түсуінен пайда болатын аллергиялық ауру. Аурудың маусымдық сипаты бар, әсіресе желмен тозаңданатын өсімдіктер гүлдеп, ауада тозаң көбейіп, организмнің сезімталдығы көтерілетін кезде байқалады. Поллиноз бір немесе бірнеше аллергендерде дамуы мүмкін. Аллергендер мұрынның шырышты қабығы, ас қорыту жолдары арқылы организмге түсіп, онда арнайы аллергиялық антиденелердің (негізінен иммундық глобулин Е, G) өндірілуіне әкеледі. Бұл антиденелерді реагиндер деп атайды. Реагиндер шырышты қабықтарда, тегіс салалы еттерде болатын клеткалар мен қан базофильдерінің беттеріне жабысып, артынан аллерген организмге қайталап түскенде, онымен байланысады. Осыдан клеткалар мен базофильдер өздерінен түйіршіктер бөліп шығарады. Бұл түйіршіктерде биологиялық белсенді заттар (гистамин, серотонин, т.б.) болады. Осы заттардың әсерінен ауық-ауық тыныс алу жолдарының шырышты қабығы қабынады, мұрын бітеліп, одан көп мөлшерде су бөлінеді, көзден жас ағып, түшкірік .....
Рефераттар
Толық