Экономика | Монополистік бәсеке түсінігінің шығуы

Нарықтық экономикалық қарым-қатынастар жүйесін орнықтыру – Қазақстан Республикасында, тағы да басқа бұрынғы социалистік елдерде атқарылатын реформаның түп қазығы іспеттес. Нарықтық экономиканың әміршілдік-жоспарлықтан басты айырмашылығы-өндірісті дамытудың негізгі қозғаушы күші және реттеушісі ретінде бәсекелестіктің пайда болуы.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде бәсекелестік қарым-қатынастарды қорғау және өркендету, монополияға қарсы заң және соған негізделген мемлекеттік реттеу мемлекет белсенді түрде кірісетін негізгі аясының бірі болып табылады. Әміршілдік-жоспарлы жүйеде монополизм әлеуметтік бағдардың кепілі және негізгі сипаты да, ал монополияға қарсы саясат жоқтың қасы болболды, сондықтан да мемлекеттік монополияға қарсы саясатты жасақтау- мемлекеттің өтпелі кезеңдегі ең маңызды ұйымдық-басқарулық парызы болмақ..
Монополияға қарсы саясат мемлекеттік реттеу жүйесінің құрамдас және қажетті бөлігі болып табылады және оның басқа да әдістерімен, түрлерімен тығыз байланыста, сондай-ақ бұл өзара әрекет пен өзара кірігу жылдан-жылға күрделі де сан алуан боп барады. Мемлекет иелігінен алу, жекешелендіру, баға мен сыртқы сауданы ырықтандыру, кәсіпкерлікті дамыту ең ақырында бәсекені дамытуға арналған. Бұл жерде монополияға қарсы саясат үйлестіруші буын боп шығады. ....
Рефераттар
Толық