География | Кандалакаш қорығы

Европалық бөлікте көптеген қорықтар кездеседі, олардың ішінде бұрыннан келе жатқандары: Астрахан, Воронеж, Лапланд, Кандалакш, Орталықорманды, Орталыққаражерлі, Окс, және т.б. Бұл қорықтардың жұмысы жақсы, жақсы дәстүрлі, ғылыми қоры көп және тағыда басқа жақсы жақтары өте көп. Оған қоса осы аймақтың жеті қорығы биологиялық мониторингтің глобальді жүйесіне кірді. Олар: Лапланд, Печеро-Илыч, Орталықорманды, Приокско-Террасный, Орталыққаражерлі, Воронеж, Астрахань.
Сол қорықтардың бірі Кандалакш қорығына тоқталайық. Бұл қорық солтүстік теңізінің бағалы жүнімен атақты болған ірі үйрегі – қарапайым гагаларды қорғау мақсатында құрылған. Бірнеше ғасыр бойына Ресей гаганың жүнін экспортқа көп мөлшерде шығарған. Бірақ ол кезде оны жұмыртқалау уақытында жинайтын еді. Өндірісшілер жүнді ғана емес, сонымен қатар гаганың жұмыртқасын да дайындауға тырысып, құстардың өзін өлтіретін еді. Осындай жыртқыштық өндірістен кейін гаганың саны бірден төмендеп кетті. ХІХ ғасырдың екінші жартысындагагалық ұяларды сақтауға ұмтылғанымен, олар оң нәтиже бермеді.
Құстарды аулау мен гаганың жүнін жинаудан қорғаумен қатар қорық Кандалаш бұғазысының орнитафаунасын зерттеу үшін ғылыми база болды. Соғыс жылдары қорықтың жұмысы тоқтаған жоқ. Кандалаш қорығы соғыс уақытысында фронттық сызықта болғанымен, қорықты қорғау тоқтатылған жоқ. Нәтижесінде 1945 жылы ггалардың ұя саны 1940 жылға қарағанда 1,5 есе өсті. Соғыс біте салысымен уақытша тоқтаған зерттеу жұмыстары өз жалғасын тапты. Бірінші кезде оны Мәскеу институтының Жануартану институты орындады. Осымен қатар 1945-1950 ж.ж. қорықта ғылыми қызметкерлердің штаты құрылды. ....
Рефераттар
Толық