Экономика | ЕЖЕЛГІ ҚЫТАЙ ФИЛОСОФИЯСЫ

Ежелгі Қытайдың қола дәуірінен темір дәуіріне өтуіне байланысты ауылшаруашылығы мен қала тұрғындарының еңбектерінің бөлінуіне, ақшалай тауарлық қатынастардың қалыптасуына, ой және дене еңбектерінің бөлінуіне, әртүрлі сатыдағы әлеуметгік топтардың пайда болуына әкеліп соқтырды.
Ежелгі Қытай мемлекеті — шын мәніндегі шығыстық деспотия болатын. Мемлекет басшысы — әрі монарх, әрі жрец және жалғыз ғана жер иесі болды. Әртүрлі рангтағы аристократия мемлекеттік кызметте болды. Олардан кейін әлеуметтік сатыда — рубасылары, отбасы (семья) басылары тұрды. Ал кұлдар болса, олар жануарлар сияқты әлеуметтік сатыдан тыс қалды.
Заң болған жоқ, сондықтан әлеуметтік сатыда жоғары тұрғандардың өктемдігінен ешкім тыс қала алмады. Бірақ мемлекет басшысының (ван) алдында әртүрлі әлеуметгік сатылардың бәрі тең болды. Халық арасындағы қарымқатынас күрделі, шымшытырық ритуалдарға негізделді.
Мысалы, тірілердің өлгендерге, олардың рухына, табиғат құбылыстарына, жерге және аспанға деген қарым-қатынас негізінде қалыптасқан діни кезқарас, әдет-ғұрып, дәстүрлермен тығыз байланыстағы ритуалдар, жоғары әлеуметтік сатыда тұрғандар мен төменгі сатыдағылардың ара қатынасын нақтылап, айқындайды, т.б.
Қытайлықтардың сол кездегі дүниетанымдық көзқарастары "Бес кітап" (У цзин) аталатын кітаптарда шоғырланған. Бұл кітаптар өздерін білімді санайтын әр адамның көзқарастарын қалыптастыруда үлкен рөл атқарды. ....
Рефераттар
Толық