Биология | Гломерулонефрит

Гломерулонефрит



Гломерулонфрит-инфекциялық аллергиялық ауру, бүйректің домалақшаларының қабынуымен сипатталады.



Этиологиясы: Стрептококктар, стафилококктар, вирустар. Баспа, қызамық, вирусты инфекциялар баланың қорғаушы күштерін төмендетеді де, 1-3 аптадан кейін бүйректе қабыну процесстері пайда болады. Бұл аурумен мектеп жасындағы ер балалар жиірек ауырады.



Клиникалық айқындалуы:



1. Ауру жедел немесе баяу баланың жалпы жағдайының бұзылуымен басталады: әлсіздік, көңілсіздік, тәбетінің төмендеуі, ыстығының көтерілуі, лоқсу, құсу, терісінің және шырышты қабаттарының бозаруы. Бала зәрді сирек, аз шығаратын болады, белі, іші ауырады.



2. Бұл ауруға тән белгілердің бірі-ісік синдромы немесе нефротикалық синдром. Бүйрек ауруы кезінде ісік әуелі көздің қабақтарында пайда болады, әсіресе таңертеңгілік көзі, беті ісініп тұрады. Ауру асқынған кезде кеуде мен құрсақ қуыстарында сұйық жиналады, ал өте ауыр жағдайларда ісіну процесстері бүкіл организмге тарап анасарка дамиды. .....
Рефераттар
Толық