Медицина | Вакцина өндірісінде қолдану

Жүкпалы аурулардың алдын алу, эпидемияны болдырмау шараларының ішінде арнаулы вакциналарды қолданудың маңызы зор.
Вакцина - өлген немесс әлсіреген қоздырғыштардан алынған өнім.
Вакцинация нәтижесі оның сапасына және егудің дұрыстығына байланысты. Вакцинаның әсер ету ұзақтығы ауру көзі болып табылатын микроорганизмнің қасиеттеріне байланысты. Мысалға, оба, туляремия, сары. безгек, полиомиелитке қарсы тұрақты иммунитет болады. Тұмаудың вирусына вакцина арқылы тұрақты иммунитет жасау мүмкін емес, дегенмен тұмау вирусы тез өзгергіш келеді.
Вакцина инфекциялық ауруларды емдеуде қолданылады, мысалға, іріңді инфекция, сарып (бруцеллез), соз (гонорея) және т.б.
ЕГУ, алдын-ала егу, бұл арқылы адамдардың организмінде кейбір инфекциялық ауруларды қабылдамайтын иммунитет пайда болады. Еккенде организмге вакцина немесе сыворотка жіберіледі. Вакцинаның құрамында тірі (әлсіздендірілген) немесе өлі (жансыздандырылған) ауру қоздырғыштар — бактериялар мен вирустар, яки бактерияның -экстрактылары мен олардың залалсыздандырылған улары (анатоксиндер) болады. Организмге вакцина жібергенде қорғаныс заттары — антитела мен антитоксиндер пайда болады да, соның нәтижесінде организм беігілі бір уақытта вакцинадағы микроорганизмдер тудыратын инфекциялық ауруларды қабылдамайды. Әр вакцинаның дозасы мен оны организмге жіберу әдісі белгіленген.
Кейбір инфекциялық ауруларға қарсы вакцинаны екі немесе үш рет жасайды, мысалы, полиомелит пен көкжөтелге, дифтерия мен сіреспеге қарсы арасына 1,5 ай өткізіп, 3 рет егеді. Уақыт өткенде егудің көмегімен организмге ендірілген иммунитет әлсіреуі мүмкін. сондықтан белгілі бір мерзімнен кейін егуді қайталап отырады (ревакцинация). ....
Рефераттар
0 + 0 -