География | Антарктида

Антарктика мен Антарктида. Антарктиданың табиғаты Тынық, Атлант және Үнді мұхиттарының оңтүстік бөліктерінің табиғатымен тығыз байланысты және олармен бірге бір-тұтас материк болып жатады! Теңіздердің құрлыққа аздап еніп жатқан кең алақаптарды қайраңды мұздықтар жапқан. Бұл мұздықтар материктік мұз құрсауының жалғасы болып табылады.
Антарктика — бұл Антарктиданы жанасып жатқан аралдарымен бірге және мұхиттардың шамамен 50—60 о. е. дейінгі бөліктерін қамтитын оңтүстік поляр аймағы. «Антарктика» деген атау гректің «анти»— қарсы, яғни жер шарының солтүстік поляр аймағы — Арктикаға қарама-қарсы жатқан деген сөзінен шыққан.

64-сурет. Антарктида жағасындағы айсбергтер
Физикалық-географиялық орны. Материк түгелдей дерлік Оңтүстік поляр шеңберінің шегінде орналасқан. Антарктиданы басқа материктерден орасан зор мұхит айдыны бөліп тұрады. Материктің полюс ауданындағы географиялық орны орташа қалыңдығы 2000 м болатын қалың мұз жамылғысының түзілуіне әкеп соққан. Мұз қабатының қалыңдығына байланысты Антарктида Жер шарындағы ең биік материк болып отыр. Материктің жағасы негізінен биіктігі бірнеше ондаған метрге жететін тік мұзды жар болып келеді. Географиялық орны мен мұз құрсауына қарай дүние жүзіндегі суық полюс Антарктидада орналасқан.
Антарктиданы ашу. Алғашқы зерттеулер - Антарктида басқа материктерден әлдеқайда кейін атылған. Оңтүстік жарты шардың биік ендіктерінде материк бар деген ойды ертедегі ғалымдар айтқан болатын. Бірақ алтыншы материктің болуы жөніндегі мәселе әлдеқайда кейін біржолата шешілді. XVIII ғасырдың екінші жартысында Оңтүстік материкті іздеуге ағылшынның белгілі теңізде жүзушісі Джеймс Кук бастаған ағылшын экспедициясы аттанды.
Дж. Кук Оңтүстік поляр шеңберін әлденеше рет кесіп өтті, бірақ қалың мұзды бұзып, материкке жете алмады. Ол «оңтүстікте жатқан жерлер болса, олар ешқашан да зерттелмейді... табиғат бұл елге мәңгі суық болуды жазған» деген көңілсіз қорытындыға келді. Дж. Кук экспедициясының нәтижелері материкті іздеу жөніндегі қауіпті жүзу сапарына аттану тілегін ұзақ уақытқа кейінге қалдырды.....
Рефераттар
Толық