Құқық | Азаматтық құқықтарды қорғау ұғымы

Сөздiң кең мағынасында алғанда құқықты қорғау деп құқықтың бұзылуына жол берiлмейтiндей жағдай жасайтын қоғамдық қатынастар тәртiбiн мемлекеттiң қолдауын айтамыз.
Қорғау құқығы бұзылған азаматтық құқықтарды қалпына келтiрудi қамтамасыз ету принципi, оларды сот арқылы қорғау азаматтық заңның негiзгi бастауы ретiнде айтылады (АК-тiң 2-бабы).
Қатысушылардың қарауындағы субьективтi азаматтық құқықтар тек қана нақты жүзеге асырылуға тиiс емес, сонымен бiрге олар субьективтiк құқықтың бұзылуымен пайда болған барлық жоғалтуларды өтеп, қалпына келтiрудi бұзылған құқықтарды түзетуге мүмкiндiктер бередi. Бұл тұрғыдан проф. В.П. Грибановтың мынадай пiкiрi көңiлге қонады: “Құқық қорғау сипатының мүмкiндiгi оның құқық өкiлеттiгi ретiнде субьективтiк материалдық талаптар мазмұнының өзiмен белгiленедi.
Демек кез келген субьективтi азаматтық құқық қорғауға жатады, сонымен бiрге осы құқықтың жүзеге асырушысы заңда қаралған құралдардың көмегiмен оны қорғауға тиiстi құқықты еншiлейдi.
1. Азаматтық құқықтарды қорғау тәсiлдерi. Азаматтық кодекстiң 15-тарауының шеңберiнде азаматтық құқықтағы қорғануды кең мағынадағы меншiк иесiнiң мүддесiн қорғаудан айыра бiлу керек. Кең мағынада меншiк иесiнiң мүддесiн қорғау екi негiзгi нысанға бөлiнедi: юрисдикциялық және юрисдикциялық емес.
Қорғаудың юрисдикциялық түрi субьективтi құқықтар бұзылғанда немесе дауға түскенде өкiлеттi мемлекеттiк органдардың оны қорғауға араласуы болып табылады. Құқығы немесе заңдық мүддесi бұзылған тұлға мемлекеттiк немесе басқа да құзыреттi органдарға (сот, аралық сот, жоғары инстанция және т.б.) шағынады, әлгi аталған органдар өз кезегiнде бұзылған құқықты қалпына келтiру және бұзушылықты жою үшiн өкiлеттiгiне сай қажеттi шараларды қолданады.
Қорғаудың юрисдикциялық нысаны бұзылған құқықтарды қорғаудың жалпы және арнайы тәртiбiн белгiлейдi. Жалпы тәртiпке сәйкес заңмен қорғалатын азаматтық құқықтардың мүддесiн қорғау сот (төрелiк немесе аралық сот) арқылы жүзеге асады.
Азаматтық кодекстiң 9-бабы жалпы тәртiппен қатар әкiмшiлiк тәртiбiн де қарастырған. Әкiмшiлiк тәртiппен жүзеге асырылатын мнешiк иесiнiң құқығын қорғау құралы шағым болып табылады, ол құқық бұзушылық нәтижесiнде зардап шеккен құқық иесi мүддесiн қорғауға орай тиiстi өкiлеттi органға берiледi.
Кейбiр заңдарда аралас, яғни меншiк құқығы мен басқа да заттық құқық қорғаудың әкiмшiлiк сот тәртiбiн қолданады. Мұндай жағдайда мүлiктiң меншiк иесi мен иеленушiсi сотқа шағымбас бұрын мемлекеттiк басқару органына шағымданады.....
Рефераттар
Толық