Тәрбие сағаты | Есірткіге салынуға не себеп

Есірткі қолданудың себептері көп. Жастардың арасында есірткіге әуестік көп ретте білместіктен басталады. Ал басқа себептерге тоқталатын болсақ, олар төмендегідей.
Жас өспірімдер қоршаған ортасының кері әсерінен иланғыш келеді. Олар жас болғандықтан қоршаған ортадағы, әр түрлі жағымсыз әрекеттердің жетегінде кетеді. Өз іс- әрекетінің салдарын дұрыс болжамау жеңілтектік, жан дүние мінез-құлық пен дене танымы толық қалыптаспағандығы иланғыштық, кері әсерге еліктеушілік алғаш рет спирт ішімдіктері мен есірткінің дәмін көруді тудыратын себептер. Жас өспірімдер өздерінің «Ер жүректігін», «Дербестігін» танытуға болатын топтар мен ұйымдарға бірігеді. Мұндай топтар үй аймақтарында, би алаңдарында, мектепте де ұйымдасады және топ ішінде алғашқы «Тексерістер»болып өтеді. Топтық психология еліктеушілік топ ішінде біреуі есірткі немесе шарап дәмін татқан болса, уақыт өткен соң топтың барлық мүшелері есірткі мен алкагольге әуестенуге соқтырады.
Есірткіні түнгі клубтарда да би алаңдарында да, арнайы сатылатын орыннан да, тіпті мектепте де сатып алуға боады. Уақыт өткен сайын есірткінің де дамуы жүріп жатыр. Бұрын жас өспірімдер анаша, марихуана шегіп улы химиялық заттар иіскейтін болса, қазір героин, кокаин, синтетикалық есірткілерді қолданады. Ал синтетикалық есірткінің (героин) ерекшелігі сол, адам оған бір-ақ рет дәмін татқаннан кейін әуес болып қалады. Міне, ересектердің нашақор болуы себептерінің бірі сонда жатыр. Танысы бір рет дәмін татсаң немесе иіскесең, шексең нашақор болмайсың, қиындықтардың барлығын ұмытасың, ләззат аласың, жаның тыныштық табады деген арбау сөздерімен нашақорлық жолына тартады. Ал әлеуметтік қиындықтардан отбасындағы ұрыс- керістен, жұмыссыздықтан немесе қызметіндегі жанжалдан шаршаған азамат қиындықтан аз уақытқа болса да «қашып кетуді» ойлап, есіркінің дәмін татады да, нашақор санатына қосылғанын білмей қалады.....
Рефераттар
Толық

Тәрбие сағаты | Наурыз мерекеcі 2

Наурыз – шығыс елінің бүкілхалықтық мейрамы, яғн Ұлыстың ұлы күні. Наурыз бұған дейін мыңдаған жыл бұрын шығыс халықтарында жыл басы мерекесі ретінде тойланып, ерекше күн ретінле аталып өтететін болған. Қазақ халқы да Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыруды әдетке айналдырған. Шығыстық данышпандар Махмұд Қашқари, Әбу Райхан Бируни, Ә.Фердоуси, Ә.Науаи, О.Хаямнан бастап қазақтың Абай, Әлихан, Ахмет, Міржақып, Сәкен сынды ғұламалары да наурыз туралы еңбектер, өлеңдер, жақсы сөздер жазып қалдырған. Наурыз шығыс елдері үшін бірліктің, татулықтың, еңбектің, көктемнің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі ретінде тойланған. Сондықтан да болар, бұл күні шаттанбайтын, қуанбайтын, мейірленбеген адам болмаған.
Бұл күні жақсы тілек тілеу, құттықтау, кешірім жасау, жасау, табысу сияқты адамгершілік қасиеттер көрініс тауып, кейінгі ұрпақтар сондай жақсы қасиеттен өнеге алған.
Наурыздың айрықша тәлім-тәрбиелік, үлгі - өнегелік, сән-салтанаттық, мәрт-жомарттық, қадір-қасиеттілік нышан белгілері мен таным-ұғымдарының үлгі өнегелікке, бауырмалдыққа, көрегенділікке, ізеттілік пен білімділікке баулиды. Наурызды әр халықтың асыға күтетіні де осыдан болса керек. ....
Рефераттар
Толық