Орталық банктердің функциялары

Дамыған елдердің орталық банктерінің қызметін игеру, сондай- ақ ақшалай- кредиттік саясатының әдістерін қолдану, Қазақстанда нарықтық экономиканың негізін құруына мүмкіндік береді.
Орталық банктің капиталы мемлекеттің иелігінде, бірақ акционер ретінде (мысалы Ұлыбритания, Франция) әр түрлі меншік кредиттік- қаржылай институттар бола алады.
Орталық банктердің ерекшелігі - атқару органдарының басқаруынан тәуелсіз болуы. Көбінесе олар заңшығарушы органдарының билігіне тәуелді болады (парламент, конгресс). Мысалы Германияда, орталық банктің автономиясы заңды түрде бекітілген. Дегенмен де, мұндай тәуелсіздік үкіметпен бекітілген экономикалық саясаттың тиімділігін арттыру керек.
Кредиттік- қаржылай институттарын несиелендіру кезіндегі шектелімді орнату, сонымен қатар ақшалай эмиссияны бақылау, ақшалай жиынның нормативтерін бақылауы - дамыған мемлекеттердің орталық банктерінің маңызды мақсаты болып отыр.
Орталық банктер пайдаланатын ақшалай кредиттік экономиканы реттеу әдістері ортақ және жекеше болып бөлінеді. Біріншісіне есептік (дисконт) саясаты, ашық нарықтағы операциялар және міндетті сақтық қор (резерв) мөлшерлерін басқару жатады.
Есептік саясат деп- орталық банктің вексельдерді сатып алатын шарттарын айтады. Бұл саясат кредиттік институттардың өз клиенттеріне беретін, несиенің бағасына әсер тигізетін есептік проценттің реттелуіне негізделген. Экономикалық циклға байланысты бұл пайыз өзгеріп, қайта қарастырылуы мүмкін. Мысалы Германиядағы Бундесбанк (орталық банк) 1948-1989 жылдар аралығында ресми пайыздық мөлшерлемесін 76 рет өзгерткен болатын. ....
Рефераттар
Толық

Орта Азия мемлекеттерінің интеграциялық күш жігері

Қазіргі заман жағдайында мемлекеттің табысты дамуының негізгі макроэкономикалық тұрақтылық – инфлияцияға ұшырамаған ақша-несие саясаты, бюджет тапшылығына қатаң бақылау жасау мен қалыпты баға белгілеу, сандай-ақ сыртқы саудадағы ашықтық-экспортты ынталандыру, импортты барынша шектеу, біртұтас импорт тарифы, Ұлттық валютаның икемді құны мен сыртқы инвестиция үшін қолайлы ахуал жасау болып табылады.
«Қоғамдық өмірдің шешуші саласы-экономика саласындағы стратегия мен тактиканың мәні құрылымдық және технологиялық артта қалушылықты бір мезгілде жоя отырып, нарықтық жүйеге көшуді одан әрі жалғастыру болып табылады».
Қазақстанның аймақтық интеграциялық топтар мен қарым қатынасын сөз еткенде ең бірінші кезекте ТМД елдері мен күш жігерді біріктіру мақсаттары тұрады. Өйткені ТМД елдерінің экономикалары бір-бірімен тығыз байланысқан. Сондықтан күш қуатты бірлестірудің шын жақтастары бола отырып, қалыптасқан жағдайдан шығудың өзімізге тән жолын іздестіруге мәжбүр болып, ТМД елдері мен «интеграция» саясатынан «үйлестіру» саясатына көшіруді жүзеге асыру қажет. Бұл саяси бағыт абыр-сабырсыз және қауіпті шыдамсыздықсыз, ішкі патенциялдық мүмкіндіктерге сүйене отырып жүзеге асырылуы тиіс. Ал, бұл мүмкіндіктер Қазақстанда жеткілікті.
Біріншіден, бұл іс жүзінде кез-келген өндіріс түріне сенімді шикізат негізі болатын пайдалы қазба байлықтарының көптігі. Екіншіден, жерге қатысты реформаларды жүзеге асырғаннан кейін Қазақстанға тіпті дүние жүзілік аренада азық-түлікті экспортқа шығаруда көзге түсуге мүмкіндік беретін ауылшаруашылық жері мен егістіктің кең көлемі. Үшіншіден, жеткілікті мөлшерде дамыған өндірістік потенциялдың және барлық салаларда сауатты жұмысшылар контингентінің болуы. Төртіншіден, бай, бұрынғы жүйе кәдімгідей талап етпеген ғылыми идеялардың мол қоры, жаңалықтар мен өнертабыстар.
Республика байланыстарының қазіргі жай-күйі мен стратегиялық мүддесін ескере отырып, сыртқы экономикалық саясат нақты маңызы бірдей мына бағыттар бойынша дамитын болады. ....
Рефераттар
Толық

Өндiрiс шоты

Өндiрiс шоты өндiрiстiк процестердi қамтиды және екi бөлiктен тұрады:
1) Ресурстар бөлiгi;
2) Ресурстарды пайдалану бөлiгi.
Шоттың ресурстар бөлiгiнде өндiрiлген өнiмнiң құны өнiмге және импортқа салынатын салықтар көрсетiледi. Ал пайдалану бөлiгiнде өнiм өндiруге жұмсалған шығындар, өндiрiстiк емес сферадағы тұтыну шығындары, яғни аралық тұтыну шығындары болады. Аралық тұтынудың нәтижесiнде (шикiзатты, материалды, отынды, т.б. тұтыну) өндiрiлген өнiмнiң құны азаяды. Жалпы шығарылған өнiм құнынан аралық тұтыну шығындарын шегергенде қалған қалдық жаңадан қосылған құнды анықтайды. Аралық тұтыну шығындарының құрамында негiзгi капиталды тұтыну болмағандықтан, жаңадан қосылған құн шартты таза өнiм болып саналады және өндiрiс шотының балансы статьясы болады. Халықаралық экономикалық теорияда және статистикалық пратикада бұл көрсеткiштi жалпы iшкi өнiм деп атайды. ҰЕЖ-нiң концепциясы бойынша өндiрiстiк iс әрекет кәсiпорындардың, ұйымдардың және жеке тұлғалардың материалдық өндiрiс сферасындағы,сол сияқты материалдық емес қызметтер сферасындағы әрекеттерiн қамтығандықтан, жалпы шығарған өнiм, жалпы iшкi өнiм, т.б. көрсеткiштер ХШБ-дегi оларға ұқсас көрсеткiштерден өзгеше болады. Өндiрiс шоты экономика салалары, секторлары және тұтас экономика үшiн құрылады. ....
Рефераттар
Толық

Өндiрiстiк инфрақұрылымды дамытудағы мемлекеттiң реттеушiлiк рөлi

Қоғамдық өндiрiс екi үлкен сферадан тұрады. Оның бiрiншiсiне – қоғамның материалдық-заттық қажеттiлiктерiн қанағаттандыратын салалар жататын болса, екiншiсiне – оның материалдық емес (информация, әр түрлi қызметтер т.б. ) сұраныстарын қамтамасыз ететiн салалар жатады. Дегенмен, бұл сфералардың дұрыс дамуы үшiн белгiлi бiр сыртқы жағдайлар (материалдық өнiмнiң айналуы, шаруашылық байланыстарды қалыптастыру, информацияны өндеу және жеткiзу т.б.) қажет. Кәсiпорындар жұмысының сыртқы жағдайларын қамтамасыз етумен, экономикалық әдебиеттерде “инфрақұрылым” алатын, экономиканың өзiнше бөлек сферасы айналысады.
Экономиканың дербес сферасы болып, инфрақұрылым, материалдық-заттық өндiрiстен қоғамдық еңбек бөлiнуiнiң тереңдеуiне және оның сыртқы жағдайларын қамтамасыз етуге деген сұраныстың өсуiне байланысты бөлiнiп шықты.
Кәсiпорындардың сыртқы жағдайлары бiркелкi болмағандықтан, инфрақұрылым салалары да бiркелкi емес. Сол себептi, инфрақұрылымды төрт түрлi iрi салалар тобына бөлуге болады:
1. Өндiрiстiк инфрақұрылым - өндiрiс процестерiнiң тiкелей сыртқы жағдайларын қамтамасыз ететiн салалар кешенi. Оған жүк тасу көлiгi, көтерме сауда, электрмен, газбен, сумен қамтамасыз ету, қойма шаруашылығы, байланыс, информацияны өндеу салалары және iскерлiк қызметтер сферасы жатады. Iскерлiк қызметтер сферасы жарнама мен маркетингтiк қызмет көрсетудi, жалға алу (беру) мен лизингтi, басқару, инвестициялық саясат, т.б. жөнiнде консультациялық қызмет көрсетудi, инжинирингтi қамтиды.
2. Әлеуметтiк инфрақұрылым – жұмыс күшiн ұдайы өндiрумен байланысты салалар кешенi: денсаулық сақтау, бiлiм беру, жеке сауда, жолаушылар тасу көлiгi, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, қоғамдық тамақтандыру, демалысты ұйымдастыру т.б. салалар.
3. Институттық инфрақұрылым – экономиканы макроэкономикалық реттеудi жүзеге асырушы салалар мен қызмет сфераларының кешенi. Оған мемлекеттiк аппарат, несиелiк- қаржылық сфера, т.б. жатады.
4. Экологиялық инфрақұрылым – адам тiршiлiгiнiң зиянды жақтарынан қоршаған ортаны қорғау, қоғам өндiрiсi дамуының экологиялық жағдайларын қамтамасыз ету сфералары мен инженерлiк құрылыстардың кешенi.
Бiз бұл тақырыпта өндiрiстiк инфрақұрылымның негiзгi саласының бiрi – көлiк кешенiнiң дамуын мемлекеттiк реттеу мәселелерiне тоқталып өтемiз. Себебi, бiрiншiден, көлемi шағын жұмыста барлық инфрақұрылым салаларының мемлекеттiк реттеу ерекшелiктерiн, әдiстерiн, қағидалары мен механизмдерiн оқушыға түсiнiктi болатындай етiп қысқаша жазу мүмкiн емес; екiншiден, көлiк кешенiнiң халық шаруашылығындағы рөлi өте жоғары. Ол экономикалық, әлеуметтiк, қорғаныс, саяси және мәдени маңызды мiндеттердi атқарады. ....
Рефераттар
Толық

Өндіріс пен өндіріс факторлары туралы түсінік

Экономика адам баласы табиғат игіліктерін жинаудан өмірге керекті игіліктерді, керекті заттарды жасауға көшкен кезде және сол жерде пайда болады. Сонымен, ресурстарды адам еңбегін пайдалана отырып өзгерту арқылы кез-келген экономикалық өнім алу өндіріс деп аталады. Оқулықтар мен ғылыми еңбектерде «өндіріс» түсінігі тар шеңберде көрінеді, кәсіпорындардың материалдық заттар мен өнім өндіруіне дейін төмендейді. Бұндай ыңғаймен келісу қиын.
Біріншіден, материалды өндіріспен қатар қызмет, еңбек өндірісін де айту қажет. Экономиканы «материалды өндіріске» және «өндірістік емес» салаға бөлу заңды болмас, сонымен қатар материалдық өндіріс саласында еңбекті өндірістік деп, ал басқа салаларда өндірістік емес деп бөлуге де болмайды. Сондықтан да жасалатын өнім түрі «өндірістік немесе өндірістік емес» деген талқылаудың критерийі болмауы керек.
Екіншіден, қызметтің қайсыбір түрін өндіріске жатқызуды «не өндіреді?, кім үшін өндіреді?, қалай өндіреді?.» деген сұраққа жауап алумен қатаң түрде байланыстыруға болмайды. Өнім адамның қол еңбегі көмегімен немесе машина операциялары көмегімен жасалады ма, өзі үшін немесе басқалар үшін өндіріледі ме, қандай тәсілмен өндіріледі, бұның бәрі өндірістік процесс пе деген талқылауға маңызды әсер етпеу керек.
Осылайша өндіріске процестерді жатқызудың екі критерийі шығады:
1) жаңа өнімді жасау немесе осындай өнімді жасауға бағытталған мәліметті, энергияны, материалды қайта өңдеу және қолда бар өнімнің сапасын өзгерту;
2) керекті өнімді алу мақсатында жұмсалған еңбек, оны құруға қатысқан адам еңбегі;
Түсініктірек айтқанда адамдар жасаған мәлімет, заттар, энергия немесе оларды ез еңбегімен өзгерту болған жерде өндіріс орын алады. Өндіріс адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін керекті игіліктерді алудың басты қайнар көзі болып есептеледі.
Өндірісте аяқталған және өзінің пайдалану саласына түсетін өнім «ақырғы өнім» деп аталады.
Ақырғы өнімнің үй шаруашылығында пайдаланатын, тұрғындардың қажеттілігін тікелей қанағаттандыру мақсатында жұмсалатын бөлігі «тұтыну тауарлары» деп аталады.
Керекті шикізатты алудан ақырғы өнімді алуға дейінгі өзара байланысты процестер жиынтығы өндіріс деп аталады. ....
Рефераттар
Толық

ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫ ЖӘНЕ ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫ

Кәсіпорындардың шығаратын тауарларының мөлшерін рынокқа ұсынуы, оны өндіруге кететін шығындарына және сол тауарлардың рынокта сатылатын бағаларына тікелей байланысты болады. Бұдан шығатын қорытынды: тауарларды өндіру және оны сатуға кететін шығындарды білу кәсіпорынның шаруашылық жүргізудегі тиімділігінің басты жағының бірі болып саналады.
Шығындар – бұл кәсіпорын өзінің өндіретін және коммерциялық қызметін іске асыру үшін өндіріс факторларының ақшалай түріндегі шығындары. Өндіріс процесінде айқын шек қоятын шығындар олардың маңызы мен практикалық қызметіндегі анықтайтын межесі болып табылады. Кәсіпорын шығындары өндірістік белігісіне қарай 3 түрге бөлінеді:
• өзіндік құн құрайтын өнімдерді өндіру және сатуға кететін шығындар. Бұл капиталдың ауыспалы айналымы арқылы сатудан түскен ақшалай түсімді жабатын ағымдағы шығындар;
• өндірісті ұлғайтуға және жаңартуға кететін шығындар. Әдеттегідей бұл жаңа немесе жаңғыратын өнімге жұмсалатын бір жолғы ірі күрделі қаржы шығындары;
• өндірістің әлеуметтік-мәдени, тұрғын үй, тұрмыстық қызмет көрсету және осыған ұқсас басқа да мұқтаждықтарға кететін шығындар. Олар негізінде пайданың есебінен бөлінетін арнаулы қорлардан қаржыландырады.

Өндіріс шығындарының жіктелуі

Сыныптау белгілері Шығындардың бөлшектенуі
1. Экономикалық элементтер
2. Өзіндік құнның статьялары
3. Технологиялық процестерге қатыстылығы
4. Құрамы
5. Өнімнің өзіндік құнына қатысудың тәсілі
6. Өндірістік процестегі ролі
7. Мақсатқа сәйкес жұмсау
8. Жоспарға қатысу мүмкіншілігі
9. Өнімнің көлеміне қатысы
10. Шығу мерзімділігі
11. Дайын өнімге қатысы Шығындардың экономикалық элементтері
Өзіндік құнның калькуляция статьялары
Негізгі, қосымша
Бірэлеметтік, кешенділік
Тікелей, жарнама
Өндірістік, өндірістен тыс
Жоспарлы, жоспарсыз
Тұрақты, ауыспалы
Күнделікті, бір жолғы
Аяқталмаған өнімге кететін шығындар, дайын өнімнің шығындары
Практикалық маңызы болатын ең тұрақты және ауыспалы шығындарға бөлу. Тұрақты шығындар осы кезеңдегі уақыт ішіндегі сомасы өнімді өндіру және оны сатудың мөлшеріне, құрылымына тікелей тәуелді болмайды Тұрақты шығындарға жататындар: міндетті заемдық ақылар, есепті төлемдер, ғимараттар және жабдықтардың амортизациясы, сақтандыру жарналары және т.б.....
Рефераттар
Толық

Өндіріс шығындарын есепке алудың әдістері мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау

Шығындарды есепке алудың және өнімнiң өзіндік құнын калькуляциялаудың белістік өдісі өнiмді жаппай өндіретiн кәсiпорындарда колданылады, онда бастапқы шикізат дайын өнiмге дейiн рет-ретімен технологиялык өңдеуден өтеді Бұл әдіс шикізаттың кешенді түрде пайдаланылатын кәсшорындарында металлургиялық, химиялық, мұнай өндеу және басқа да салаларда колданылады. Мысалы, мата тоқу кәсiпорындарында үш қайта жасау — иіру, тоқу және әрлеу саласы, қара металлургияда — домен пеші, болат балқыту, прокат, былғары өндірісінде — күлді, тері илеу жөне әрлеу саласы бар
Дайын өнiм немесе шалафабрикат шығарумен аяқтайтын технологиялық процесті бөлістік әдіс деп атайды Бөлістік әдісте өндіріске кеткен шығындар олардың әрбір кезеңі, фазасы, ауысымы, яғни бөлісі бойынша есептелінеді Әрбір белістен кейiн шалафабрикат шығарылады, ал түптеп келгенде — дайын өнiм алынады Бөлiніс тізбесі пайдаланылатын жабдықтар, өндіріс процесстерінің арасындағы үзіліс-іркілістер; шығарылатын шалафабрикаттардың, өнiмнің сипаты мен басқа да өзiне тән жағдайлары ескеріле отырып, технологиялық процесстер туралы деректердін негiзінде белгiленеді Бұл орайда, бөлініс жөніндегi шығындарды жоспарлау мен есепке алуды, аяқталмаған өндірісті есепке алу мен бағалауды ұйымдастыру, өзі өндірген шалафабрикаттар мен дайын өншдердің өзiндік кұнын калькуляциялау мүмкіндігi ескерiледі
Тікелей шығыстар (шикiзат, негiзгi материалдар, шалафабрикаттар, өндіріс жұмысшыларының жалақысы т б) әдетте, бөлістер бойынша, ал әрбір бөлістердщ ішінде — әзірленген өнім түрлері бойынша есепке алынады (шалафабрикат немесе дайын бұйым)....
Рефераттар
Толық

Өнеркәсіптік өнім сапасы және оны жоғарлатудың маңызы негізгі жолдары

Қазақстан Республикасы экономикалық даму кезеңінің жаңа белесіне аяқ басты. Нарықтық талаптардың ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттің ішкі экономикалық мүмкіндіктері мен өндірістік ахуалын одан әрі жақсарту мақсатында жаңа бағыттар белгіленуде. Өндірісті жаңаша құрудың, шығарылатын өнімдердің сұранысын арттырудың маңыздылығы да артуда.
Соңғы кезде біз өнімнің сапасы, сенімділігі, бәсеке қабілеттілігі, қауіпсіздігі сияқты түсініктермен жиі-жиі кездесіп, өнімнің сертификациясы туралы сөздер естіп, тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заңын сақтауын талап етеміз.
Мұның бәрі біздің тауарлар мен қызметтердің сапасына деген көзқарасымызды өзгерткенін дәлелдеп отыр. Нарықтық жағдайда егер кәсіпорын өз өнімнің немесе қызметтің бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ете алмаса, онда бұл кәсіпорынды ешқандай инвестициялар құтқара алмайды. Бәсеке қабілеттіліктің негізі сапа болып табылады. Бәсеке қабілеттіліктің құрамына сападан басқа баға, жеткізу уақыты, кепілдік, сервистік қызмет көрсету және тағы басқа көрсеткіштер кіргенімен сатып алушылар мен тапсырыс берушілер өнімді таңдағанда сапаны басқа қасиеттерден жоғары бағалайды.
Сапаны қамтамасыз ету үшін тек қана тиісті материалдық база мен жоғары білімді персонал жеткіліксіз, сонымен қатар мұнда сапаны басқару өнері де керек. Кәсіпорындар жағынан сапаны басқаруға деген жоғары назар аударатыны да осыдан.
Бәсекеге қабілетті өнім кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз етеді, ал мұның өзі экономиканың жалпы дамуына оң әсерін тигізеді. Кейбір өндірушілер үшін өнім сапасы жеке мәселе ғана емес. Ол біртіндеп халықтың өмірінің жалпыұлттық сапа мәселесіне айналып келеді. Мұны сапа саласында жетекші болып табылатын соғыстан кейінгі уақытта Жапония экономикасының даму мысалында көруге болады.
Бірақ бәсекеге қабілетті болу міндетті түрде ең жоғары сапалы өнім шығаруды ғана білдіре бермейді. Сапа деңгейі халықтың анықталған деңгейіне арналып, әртүрлі болу мүмкін. «Мерседеспен» барлық адамдар жүре бермейді, бірақ барлық машиналар эксплуатацияда сенімді және қауіпсіз болу керек. Мұның бәрі сапаны оперативті және икемді басқаруды талап етеді.
Сонымен қатар, сапаны басқару стандарттаумен тығыз байланысты, өйткені оның нормативтік базаның негізі сапаны бағалау, сапаға талаптар қойылған стандарттар болып табылады.
Қазіргі нарықтық экономика негізінде шығарылған өнімнің сапасына басқалай талап қойылады. Бұл қазіргі дүниеде кез-келген кәсіпорынның өміршеңдігі, оның тауар нарығындағы және қызмет көрсетудегі орнықты жағдайы бәсекеге жарамдылық деңгейін көрсетеді. ....
Рефераттар
Толық

Өнеркәсіптің экологиялық проблемалары

Елдің экономикалық құрылымы өндірістік күштердің орналасуымен, өндірістік және ғылыми потенциалдармен және материалдық өндірістің әлеуметтік-экономикалық даму қарқындарымен өзара әрекеттеседі. өндірістің тиімді орналасуы – халық шаруашылық және территориялық пропорцияларды жетілдіруге арналған база. Ғылыми ауқымды, бәсекеге қабілетті жаңа кәсіпорындарды орналастыру арқылы үйлеспеушіліктер жойылады, олар қоғамның мұқтаждықтарын есепке алумен қажетті пропорцияларды белгілейді. Ішкі құрылыстағы ығысулар да салалардың даму қарқындарына, табиғи ресурстарды және қолда бар өндірістік аппаратты пайдалануға байланысты болады:
Сонымен, бір аймақтың дамуы меншікті міндеттерді шешуді ескермегенде басқа аймақтардың мұқтаждықтарын қанағаттандырумен анықталды. Оның экономикасы тиімсіз құрылымдық саясаттың салдары болып табылған, бірқатар ерекшеліктермен сипатталады:
- ауыр өнеркәсіптің шамадан тыс дамуы, соңғы емес, аралық өнімді шығаратын материал сыйымы салалардың басым болуы;
- тұрғындардың қажеттері үшін өндірілетін өнімнің төмен үлесі;
- өндірістік аппараттың технологиялық артта қалғандығы (өнеркәсіптің негізгі қорларының тозуы – 60 % - тен артық, оның шамадан тыс көп үлесі металлургиялық, отын-энергетикалық комплекстерде);
- экологиялық проблемалар – Орталық Қазақстан қоршаған ортаның ластану және құлдырау дәрежесі бойынша, табиғатқа антропогенді жер етудің жиынтығы бойынша республикада алдыңғы орындардың бірін алады (ол атмосфераға зиянды заттардың лақтырыстары бойынша – бірінші орын).
Барлық постсоветтік кезең бойында орталық органдар аймақтың әлеуметтік, әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін база құруға емес, көмір өндіру бойынша міндеттерді шешуге баса назар аударды. Шаруашылықты жүргізудің және әлеуметтік проблемаларды шешудің жағымсыс тәжірибесі – бұл аймақты шаруашылықтық игерудің технократтық тұжырымдамасын айтарлықтый іске асыру, ол өндірістік мақсаттардың әлеуметтік мақсаттардан басылымдығымен ғана емес, сонымен бірге келешекті міндеттерді шешуге зиян келтіріп, ағымдағы қиыспаушылықтарды жоюға жұмсалатын күштерді шоғырландырумен де сипатталған.
Өндірісті дамыту, ҒТП бойынша шараларды жүзеге асыру, өнім сапасын жақсарту үшін өте қолайсыз жағдайлар қалыптасты. Сондықтан өнеркәсіптегі онсыз да ескірген өндірістік аппарат, соңғы екі-үш жылда алапатты түрде бұзылады, бұл көптеген кәсіпорындардың тоқтатылуы және жабылуы үшін қосымша себеп болуы мүмкін. Сонымен бірге, бұрын көрсетілгендей, біздің экономикамыздың жетілмеген құрылымын есепке алу керек. ....
Рефераттар
Толық

Өнімді жүзеге асырғаннан кеткен шығынға факторлық талдау жасау

Өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құны–өнімді өндіру кезінде пайдаланылатын табиғи ресурстардың, материалдардың, отынның, энергияның, негізгі қорлардың, еңбек ресурстарының, оны дайындау мен өткізуге жұмсалатын басқа да шығындардың ақшалай бағалануы.
Өнімнің өзіндік құны– кәсіпорынның өнім өндіруге және өткізуге жұмсаған шығындарының ақшалай тұлғалануы.
Кез келген меншік нысандағы кәсіпорын нарықтық қатынас жағдайында–залалсыз жұмыс істеуге тиіс өнімнің өзіндік құны, аса маңызды экономикалық көрсеткіштердің бірі болып табылады.
Өнімнің өзіндік құны арқылы оның нарықтық бағасы құралады, пайда мен пайдалылық деңгейі анықталатын, тауардың құны белгіленеді.
Өнімнің өзіндік құны жалпылама, жинақтау (синтездік) көрсеткіш, ол кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметін сипаттайды. Өнімнің өзіндік құнының мөлшері мен серпіні арқылы тау кен кәсіпорынның басқару, жоспарлау, еңбек пен жұмысақы ұйымдастыру, өндіріс техникасы мен технологиясы деңгейі туралы пікір айтуға болады.
Кәсіпорынның өндірілген өнім құны үш бөліктен тұрады:

T=C+V+m (6.1)
мұндағы Т– тауар құны;
С– тұтынылған өндіріс құралдары;
V– қажетті еңбек;
m– қосымша құн.

Тұтынылған өндіріс құралдары деп– материалдарға, отынға, энергияға, негізгі қорлардың тозған бөлігіне жұмсалған шығындарды айтады. Яғни, бұлар бұрын затталған еңбектң құрады. Тұтынылған өндіріс құралдары–құн өндіруге қатынасқанымен, тікелей өнім өндірмейді. Оны К. Маркс «тұрақты капитал» деп атаған (constant capital).
Маркстік тұжырымдама бойынша, құн тек еңбекпен өндіріледі. Еңбектің өзі жұмыс күшін тұтыну процесі. Жұмыс күші–тауар құны, ол жұмысшының дене және мәдени талғамдарын қанағаттандыру үшін қажетті игіліктер құнына тең. Кәсіпорын қызметкерлері өз еңбегіне және жұмсалған жанды еңбекке жұмысақы алады. Жұмыс күші–өндіріс процесінде өзгереді, өйткені жұмыс күші өз құнына артық қосымша құн өндіреді. Капиталдың бұл бөлігі «өзгермелі (variable) капитал» делініп, «V» әріпімен, ал қосымша құн «m» әріпімен белгіленеді. ....
Рефераттар
Толық