Топырақ құрылымы құрамы жіктелуі және қасиеттері

Бұл топырақтың маңызды генетикалық және агрономиялық көрсеткіші. Топырақтың құрылымы деп, оның массасының әр түрлі үлкенді-кішілі түйіртпекті агрегаттарға бөлінуі қасиетін айтады. Топырақ құрылымы ірі кесекті, кесек дәнді, үлкен-кіші жаңғақты, призмалы т.б. түрлерге бөлінеді. Олар бір-бірімен жабысқан механикалық элементерімен: құм,шаң, балшықпен қосарласа жүреді. Әрбір құрылымдық агрегат біріккен органикалық және минералды бөліктерден тұрады. Жалпы топырақ құрылымның пайда болуы-күрделі биохимиялық және физико-химиялық процесс. Көп жағдайда аралас құрылымды топырақтар кездеседі. Топырақтың құрамында 0,5 мм-лік микроагрегаттартардан бастап одан әлденеше есе үлкен макроагрегаттардан бар.Агрегаттардың көлемі 1мм-ден -10мм-ге дейінгі топырақ бағалы, құнарлы. Өйткені мұндай топырақ ылғалды үнемді жұмсайды, ысырап етпейді, яғни оның бөлшектерінің сіңіру құрамында кальцийдің катионы болады. Ал су ұстамайтын топырақтың құрамында басқа катиондар кездеседі.
Топырақ бөлшектерінің құрылымы .
1. Құрылымы жоқ, шаң-тозаңды,борпылдақ.
2. Құрылымы майда түіртпекті, оқ дәрәсіндей, мөлшері 0,5-1 мм.
3. Дәнді түйіртпекті, диаметрі 1-5мм.
4. Жаңғақоты құрылым, 5-10мм.
5. Майда кесекті құрылым, топырақ бөлшектерінің көлемі бірнеше см-ге жетеді.
Топырақтың пайда болу процесінде өзіне тән құрылымның бірі-топырақ пішіні түзіледі, яғни топырақтың морфологиясы қалыптасады. Осы морфологиялық көрсеткіштер арқылы топырақтар бір-бірінен және өзі түзілген тау жыныстарынан ажыратылады. Морфологиялық құрылымды жалпы топырақтың шатастырмау керек. Морфологиялық құрылым- топырақтың сыртқы пішіні. Топырақтың әр түрлі морфологиялық құрылған табиғи дене. Сондықтан бұл көріністерді бір-бірнен сыртқы пішіндерімен айырмашылығы бар топырақтың генетикалық қабаттарынан көруге болады. ....
Рефераттар
Толық

ҚҰСТАР

Жыртқыштардың көпшілігі омыртқалылармен қоректенеді, олардың тырнақтары ұзын, әрі өткір, әрі ілмек тәрізді. Тырнақтарымен олар аулайтын жемін ұстайды және өлтіреді. Тұмсықтары қысқа, мықты, оның ұшы ілмек тәрізді төмен қарай иіліп келген, онымен жыртқыштар жемін бөліктерге бөліп қоректенеді. Кейбірі өте жылдам ұшады. Олар ұшып бара жатқан құстардың немесе өте жылдам жүгіретін аңдарды ұстайды. Қейбірі калықтап ұшады. Ондай құстар биіктікте шеңбер жасай ұшып жүріп, төмендегі жемін аулап іздейді. Олар жұп құрып өмір сүреді, ірі күндізгі жыртқыштар өз жұбын өмір бойы сақтайды. Бұлар қызыл шақа балапан шығаратын құстар.
Әр түрлі сұңқарлар — дене мөлшері шағын және орташа, өте жылдам ұшатын жыртқыштар. Олардың ішіндегі көбірек танысы бектергі жер бетінде болатын тышқан тәрізді кемірушілерді, ірі бунақденелілерді аулайды. Адам үшін оның ерекше практикалык, маңызы бар.
Ертегілердегі айтылатын зұлымдық әкелуші кезқұйрық — шын мәнінде, аз қозғалатын бақалармен күнге қыздырынып жатқан кесірткелермен, өлген балықпен қоректенеді. Ол өзінің жемін биіктіктен айналып ұшып жүріп қарайды. Әр түрлі қырандар едәуір ірі жануарларды: үйрек, кұр, қоян, кіші тұяқты аңдарды ұстайтын ірі жыртқыштар.
Елімізде тіршілік ететін жырткыштардың ең ірісі — тазқаралар. Олар жоғары биіктіктен ұшып жүріп елекселермен қоректенеді. Олардың тырнақтары нашар жетілген (өйткені өлексемен қоректенеді). Оның есесіне тұмсықтары ете мықты, онымен едәуір ірі тұяқты аңдардың терісін тіле алады. СССР-де олар Қырым, Кавказ және Орта Азия тауларында кездеседі.
Тазқаралардын, денесі салмақты, жерде епетейсіз қимылдап, теңселіп жүреді, алайда бөгде құстарды өлекседен қуған кезде, олар шапшаң адымдап қозғалады. Жалпақ қанаттарын ұзақ уақыт қалықтап ұшуға бейімделген. Қанатын жазғандағы алымы 2,5 м болады. Тазқаралар ормансыз тауларда, жазық жерлерде өте жоғары биіктен жемтігін іздейді. Қозғалыссыз жатқан өлексені көре салысымен жыртқыш оған қарай құлдырай жөнеледі. Тазқараларды басының алдыңғы бөлігі мен мойнындағы өте сирек қауырсыны бар жері арқылы оп-оңай тануға болады.
Күндіз жемін аулайтын жыртқыштар ауыл шаруашылығында адамға көп пайда келтіріп, тышкан тәрізді кемірушілер мен знянды бунақденелілерді құртады. Енді бір тобы ауру және қартайған жануарды жою арқылы, олардың құрамын жаксартады. Олар сирек кездесетіндіктен Қызыл кітапка тіркелген. ....
Рефераттар
Толық

Қызылша

Республикадағы қант өндірісі қант қызылшасын өсіру мен қант-шикізатының оптималды көлемін әкелуді ұтымды үйлестіру негізінде кешенді дамуы қажеттігін атап өту қажет. Бұл келесі себептермен қамтылған, біріншіден «Қазақстан өз мүмкіндіктерін толығымен пайдаланғанда ішкі рыноктың қажетін өз шикізаты есебінен кем дегенде 25-30%- дейін қамтамасыз етеді...»; екіншіден, қызылшадан қантты қайнату процесінің маусымдылығы қант зауытының өндірістік қуатын 6,3 %-дан 36,4%-дейін пайдалануды жорамалдайды, үшіншіден, қант-шикізатын өңдеу халықтың қантқа қажетін, қант зауыты өндірістік қуаты мен еңбек ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді .
Қызылша қант кешені қызметіндегі қолайсыз құбылыстарды жою үшін белгілі уақыт аралығына оның даму концепциясын дайындау қажет. Біздің жағдайда 2015 жылға дейінгі уақыт аралығы ұсынылады. Осы құжаттың негізгі шарттарын анықтар алдында халықтың жан басына келетін қантты тұтыну мөлшерін анықтау қажет. Республикада қантты тұтынудың әртүрлі мөлшері келтіріледі. Сонымен 2002 жылы ҚР ҒҰА тамақтану институтымен қантты тұтынудың мөлшері 35-37 кг көлемінде анықталды, «Тамақтану Қазақстан академиясы» ЖАҚ-мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасын дайындауда пайдаланылған, бір адаммен қантты тұтынудың 15,26 кг, ең төменгі стандарты ұсынылды; Дүниежүзілік денсаулық сақтау мекемесі (ДДМ) тұтынудың ұтымды мөлшері -20 кг болатындығын анықтады. Халықтың жан басының қантты тұтыну динамикасы орташа статистикалық қазақстандықпен қантты тұтыну ешқашан минималды стандарт-15,26 кг-нан төмен болған емес, қантты максималды тұтыну 1990 жылы-38 кг, 2004 ж-33,6 кг болды. Біздің ойымызша қызылша-қант өндірісінің даму концепциясын дайындауда қантты тұтынудың 35 кг/адам мөлшерін пайдалану жеткілікті негізделген көрінеді, оған қоса бұл мөлшерді авторлар өз зерттеулерінде қолданған болатын .
Алдын-ала анықтап алуға қажетті келесі жағдай-бұл қант қызылшасы мен қант-шикізатынан қантты алу мерзімі. Елдегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қант зауыттары өндірістік қуаттарының ұтымды пайдаланылуын, сондайақ олардың жұмыстарының маусымдылығын бір қалыпты ету үшін, қант қызылшасын өңдеуді күзгі-қысқы уақытта, қыркүйектің екінші жартысынан бастап желтоқсанның аяғына дейін 100-110 күн аралығында, ал құрақ шикізатын өңдеуді қысқы-жазғы мезгілде 160-180 күн ішінде іске асыру қажет. Онымен қоса уақыт бойынша қант қызылшасынан қантты өндіру үлесі ұлғайуы тиіс. Ұсынылған тұтыну мөлшері, халық санының өсуі, қантты алу мезгілі және қант зауыттарының жобалық қуаттары арқылы 2015 жылға дейінгі мерзімге, республикада қант қызылшасы мен қант шикізатынан қантты өндіру мен тұтынуды жоғарлатудың келешегін есептейміз. ....
Рефераттар
Толық

Биология | Қан жүйесінің патологиялық физиологиясы

Ішкі жұқпайтын ауру басқа ауруға қарағанда өте көп кең тараған аурулардың бірі, ішкі жұқпайтын аурулардың ерекшеліктері мынада: дәрігерлік көмек көрсетіп жүрген айқын ауру малдан басқа, ақуыз, көмірсу, витамин, минералды заттар алмасу процестері бұзылған көптеген малда да кездеседі. Бұлмалға анық ауру белгілері болмаса да дәрігерлік көмек көрсетілуін талап етеді.
Қан тамырлар жүйесі – мал организміндегі ең басты жүйенің бірі. Оның негізгі қызметі – ағзалар мен ұлпаларды оттегімен, сумен және түрлі нәрлі заттармен қамтамасыз еткізіп, зат алмасуынан қалған керексіз заттарды денеден шығару.
Малда қан тамырлар аурулары көбінесе індетті немесе түрлі жұқпалы емес аурулардың асқынуынан болады. Кейде, негізгі ауруды жойғаннан кейін малдың шығынға ұшырауына қан тамырларының қайтадан орнына келмейтіндей болып өзгеруі себепкер болады. Бұл аурулар арнайы бағыттандырылған шаруашылықтар мен өнеркәсіптік кешендерде жиі кездесіп тұрады. Осы бағыттағы өндіріс барысында кездесіп тұратын көп себептер (малдың тығыз орналасуы, үздіксіз жұмыс істеп тұрған тетіктердің шуылдары т.б.) малды ылғи үрейлендіріп, жүйкелерін қажытып, қан тамырлар жүйесінің қызметтерін бұзуларына әсер етілуі.
Қан тамырлар қызметінің бәсеңдеуі көбінесе жүрек етінің жиырылу қабілетінің әлсіреуінен болады. Тыныс алу және басқа да жүйелер мен ағзалардың аурулары әр түрлі дәрежеде жүрек пен қан тамырлары қызметтерінің бәсеңдеуіне себепші болады.
Қан – организм тіршілігіне қажетті маңызды функция атқарады. Қанның негізгі функциялары мыналар: қоректендіру, тыныс алдыру, қорғану, жылу реттеу және мүше функцияларының өзара байланыстылығы.....
Рефераттар
Толық

Биология | Қан құрамы

Қан — омыртқалы организмдердің аса маңызды ткані. Клеткалар өзін қоршаған ортадан тек қанның көмегімен ғана қоректiк заттар алады. Сол сияқты зат алмасудың қажетсіз өнімдері де клеткадан қанмен бөлініп шығады.
Қаның мөлшері дененің 8% шамасындай. Ол плазмадан және плазмаға араласқан пішінді заттардан құралады. Ондай пішінді заттарға эритроциттер (қанның қызыл түйішікрі), лейкоциттер (қанның ақ түйіршіктері) және тромбоциттер (қан пластинкалары) жатады. Жоғары сатыдағы омыртқалы жануарларда пішінді заттардын шамасы барлық қан көлемің 35— 54% мөлшердей.
Эритроциттер — ядросыз және ішкі мембранасыз ұсақ клеткалар. Оның іші оттегін байланыстырушы белок-гемоглобинге толы. Қан құрамының 1 мм3 мөлшерінде 5000000 эритроцит бар. Эритроциттің орташа үлкендік ересек адамда 7,5 мкм, әдепті пішінді екі жағы да қушиған дискіге ұқсайды. Осындай пішінің арқасында, шар тәріздес пішінмен салыстырғанда, сыртқы аумағы үлкен келеді. Эритроциттің осындай ерекше пішіні негізгі қызметің — тыныс алуға қажетті газдарды жеткізуге тиімді атқаруға жәрдемдеседі. Эритроциттің мұндай пішіні газдармен байланысатын аумарын улгайтады.
«Хромопротеидтер алмасуы» деп аталатын бөлімде баяндалғандай, эритроциттердің тipшiлiгi— 110—130 күн. Есептеулерге қарағанда әр тәулік сайын ересек адамдарда олардың 0,8% мөлшepi жаңарады, әр минут сайын 160 млн эритроцит ыдырайды және қайтадан түзіледі.
Лейкоциттер — құрамында ядросы бар, 6ipaқ гемоглобині жоқ клеткалар. Ересек адам канының, 1 мкл мөлшерінде 4000— 10.000 лейкоцит болады. Дені сау сақа мал мен ересек адам канындағы эритроциттер саны біршама тұрақты. Ал лейкоциттер саны организм күйне, тәулік мезгіліне байланысты өзгepiп отырады! Лейкоциттердің бірнеше түрі бар. Олардың пішінде негізгi екі Tүpi — полиморфты ядролы лейкоциттер мен лимфоциттер организмді табиғаты бөтен, зиянды заттардан корғайды.....
Рефераттар
Толық

Биология | Қан физиологиясы

Қан жүйесі ұғымын Г. Ф. Ланг (1939ж) ұсынған. Жүйеге қан, қан жасайтын және оны бұзатын органдар, сондай- ақ реттеуші аппарат кіреді.
Қан сұйық бөлім плазмадан және формалы элементтер- эритроциттнр, лейкоциттер, тромбоциттерден тұрады. Ересек адамның қанының формалы элементтері оның 40-48%-ін, ал плазма 52-60%-ін құрайды. Бұл қатынас гематокриттік сан деп аталады.
Қанның негізгі қызметтарі: Қан сұйық болып есептеледі. Ол қан жүретін тамырларды толтырып, әр- түрлі заттарды бір органнан екіншілеріне жеткізу арқылы барлық органдар арасында сұйықтық ( гуморальдық) байланысты қамтамассыз етеді.Қанның қозғалуы нәтежиесінде тканьдарға оттегі мен қоректік заттар үздіксіз келіп тұрады және көмір қышқыл газын басқа да алмасу өнімдерін тканьдардан сыртқа шығару органдарына- өкпегк, теріге, ішекке апарады яғни қан транспорттық рөл атқарады. Бірақ, тек мұнымен ғана қанның физиологиялық маңызы шектелмейді.
Қан лимфа мен клеткаларды қоршап жатқан ткань (интерстициальдық) сұйықтығымен бірігіп организмнің ішкі ортасы болып табылады.
Бұл ортаның негізгі бөлігі судан тұрады. Судың үлесіне адам денесі массасының 75%-і тиеді.Дене массасы 70 кг кісіде ткань сұйықтығы мен лимфа 30%-тей болады, ал,клетка ішіндегі сұйықтық 40%-тей және қан плазмасы 5%-тей болады.Плазма қанның сұйық бөлімі.Қалыпты тіршілік процестері үшін ішкі орта тұрақтылығы( гомеостаз) қажет.К.Бернар1878ж «біздің ішкі ортамыздағы тіршілік жағдайларының тұраұтылығынсақтау-еркін және тәуелсіз өмірдің қажет элементі»- деп жазған болатын. Американ физиологі У Кеннон 1928ж « гомеостаз» терминін ұсынды. Оның пікірінше, организмнің өз ішкі ортасы тұрақтылығын сақтай алушылық қабілеті ондағы жүйелердің салыстырмалы ( относительді) тұрақтылығының нәтежиесі.....
Рефераттар
Толық

Биология | Қансырауды тоқтату

Уақытша қан тоқтату әдістері. Жараланған мал қансырап тұрған жеріндегі қанды тоқтатып, сол ауру малға көмек көрсету керек.
Уақытша қан тоқтату әдістері неше түрлі кездесіп отырады. а) Қансырап тұрған жерді басып, қысып тастайтын таңғыш арқылы аққан қанды тоқтату әдісі. Қансырап тұрған жерге дәкені бірнеше қабатттан салып сонымен орап тастау керек. Осылай еткенде ғана тезірек тромб пайда болып, қансырау тоқтайды. Жараға байланатын дәке мата микроптардан таза болу үшін, бұларды алдын ала үтіктеу керек. Жаралану, жарақатттану ойламаған жерде, аяқ астынан болып қалса микроптардан таза, арнайы заттарды пайдалану керек. ә) Қансырап тұран артерия қан тамырларын жақын жердегі сүйекке бармақпен басып, ағып тұрған қанды тоқтату әдісі болады. Саусақпен басып қан тоқтату әдісі сирек қолданылады. Себебі, шаршаған саусақты ауыстырған кезде қан шапши береді. Басқа амал болмағандықтан осы әдісті есте сақтаған дұрыс.
Қан тамырын сүйекке басқандықтан тамырмен бірге жүйке жүйесі де қатты қысымға түсетініде хақ. Ондайда басып тұрған жердің зардабы күшейіп үдей түседі.
Дегенмен, бармақпен қан тамырын басу әдісі операция кезінде қолданылады. Б) Жараланған малдың шапшып тұрған қан тамырын қысқыш аспаппен қысып, қанын тоқтатады. В) Малдың аяқтарын немесе жараланған жерінен жоғары, бұлшық еттерді сүйекке резеңкемен қыса буса, қансырап тұрған қан тамыры қысылып, аққан қан тоқтайды. Жалпы қан тоқтату үшін орамал, белбеу,резеңке, түтіктер қолданылады. Эсмарх деген хирург, 1873 жылы ширатылған созылғыш резинаны ұсынған еді, қан тоқтату үшін сол құрал күні бүгінге дейін қолданылып келеді.....
Рефераттар
Толық

Биология | Қант қызылшасының морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері

Морфологиялық сипаттамасы және биологиялық ерекшеліктері. Сорттары. Қант қызылшасы (Веtа vulgaris L. v.saccharifera) - Алабұталар тұқымдасы (Chenopodiaceae) Қызылша туысының (Веtа L.) малазықтық (v.сrаssа), жапырақты (v.сісlа) және асханалық (v.еsсulenta) түр тармақтары кіретін түрдің - екіжылдық өсімдігі.
Қант қызылшасының ұзын жіңішке тамыршалары бар олар жанына 40-50см тарайды, ал негізгі кіндік тамыры 2-2,5 м топырақ тереңдігіне дейін бойлауға қабілетті. Оның орталық тамыры өсіп-толысып тамыржеміске айналады. Жетілген өсімдігінің тамыржеміс массасы 500-800 г және одан да жоғары болады.
Тамыржемісінің формасы – конус тәрізді. Құрылысы: басы, мойны және нағыз тамырдан тұрады.
Басы - тамыржемістің үстіңгі бөлігі, түрі өзгерген сабақ, онда жапырақтар орналасады. Басында тамыржемістің басқа бөлігіне қарағанда қанттың мөлшері аз.
Мойын - тамыржемістің басы мен нағыз тамырдың арасында орналасады. Онда жапырақтар мен тамыршалар болмайды. Тамырдың өзі - тамыржемістің төменгі конус тәрізді бөлігі. Тамырдың ұзына бойындағы жырықшаларынан көп жанама тамыршалар тарайды. Қанттың көп мөлшері (19-20 %) тамыржемістің ортаңғы бөлігінде болады.
Пісіп-жетілген тамыржемісте шамамен -75% су, 25% құрғақ заттар (сорты мен өсіп-жетілу жағдайына қарай 16-24% қант) болады. Қанттылығына жоғары агротехника көп әсер етеді.
Қант қызылшасының жапырақтары ірі, бүтін, жүрек тәрізді, сағақты. Формалары жасына қарай өзгереді: жас жапырақтарының сағақтары қысқа және алақаны дөңгелек, ал үлкейгендерінің сағақтары ұзарады да жүрек тәрізденеді. Жапырақ алақанының толқынды, ойықты немесе тегіс болуы сорттық белгі және өсіру жағдайына байланысты. Жеке жапырақтың ұзындығы 50-70 см дейін. Бірінші жылы өсімдік 60 таяу жапырақтар түзеді.
Қант қызылшасы тұқымды тіршілігінің екінші жылы - қыста сақталған тамыржемісті көктемде топыраққа отырғызғанда гүлді өркендер пайда болғаннан кейін береді.
Гүлдері - қосжынысты, гүлсеріктері жасылдау. Гүлдеуі 20-40 күнге созылады. Қант қызылшасы айқас тозаңданады. Тозаңдануы жел мен насекомдар арқылы жүреді.
Жемісі-жаңғақша. Көп дәнді қант қызылшасының жемістері 2-5 дәннен тізбектеліп шоғырланған. 1000 тұқым салмағы 20-дан 50 г дейін. Бірдәнді қант қызылшасының жемістері бір жаңғақшадан тұрады, сондықтан механизацияны пайдаланып себуге ыңғайлы.
Тұқымының сыртында бурыл жылтыр қабықша болады. Тұқымның ұрығы перисперманың (қоректік заттар қоры орналасқан жер) айнала сақина тәрізді қоршап тұрады, ол екі тұқым жарнағынан, орталарында орналасқан бүйрекшеден және ұрық тамыршаларынан тұрады.....
Рефераттар
Толық

Биология | Қара шіріктің минералдануы топырақтарда гумус баланысының мөлшерін теңдесуін қалыптастыру

Қара топырақ тегі-жаралуы (гензис) туралы үш болжамды көзқарас (гипотеза) айтылған олар: теңіздік, батпақтық және құрылық-өсімдік.
Зерттеушілер теңіздік болжамды гипотеза бойынша қара топырақты теңіз орнында қалған лайы деп санаған (Паллас 1799, Пецольд 1851). Мурчисон болса (1842) оны юра дәуірінің мұз сулары шайып кетуінен қалған балшықты қара тақта тастар азығы деп есептеген. Бұл болжамдардың қазір тек тарихи маңызы бар. Батпақты болжамды жақтайтындар дала аймағы бұрын аса батпақтанған тундра болған деп жорамалдаған. Бірақ кейін климаттың жылынуына және ыза деңгейінің төмендеуіне байланысты, лай батпақ орнында тундра өсімдігі ығыстырылып (Эйхвальд, 1850), жергілікті дала өсімдіктері дамуы арасында (Борисяк,1852) қара топырақ қалыптасқан. Құрылық- өсімдік (растительно-наземное) пікір бойынша қара топырақ пайда болуын шабынды-далаалық және далалық шөптесіндермен байланыстырады. Осы пікірге Ф.Рупрех «Қара топырақ геоботаникалық зерттеулер» (1866) атты еңбегінде бірінші негіздеме берген, яғни қара топырақ құрамын шөптесіндер қалдықтарының ыдырауынан жаңа күрделі органикалық зат-қара шірінді түзілуімен түсіндіріледі. Аталған пікірді В.Докучаев «Орыс қара топырағы» (1883) атты еңбегінде толық дамытып қалыптастырған, яғни қара топырақтың құраушы жыныста қара шірінді шоғырлануынан пайда болғанын дәлелдеп көрсеткен. Сондай-ақ шөптесіндер дамуына, қалдықтарының ыдырауы жылдамдығы мен бағытына және қара топырақ құрамына дала климатының ықпалы ерекше екенін айтқан.....
Рефераттар
Толық

Биология | Қазақстанның улы өсімдіктері

Қазақстан Республикасында улы өсімдіктер флорасы алуан түрлі болып келеді. Улы өсімдіктердің құрамында түрлі ауыр металдар, химиялық қосылыстар, ционид, кофеин сияқты заттар кездеседі. Негізінде улы өсімдіктерді ежелден бері халық және батыс медицинасында дәрі дәрмек, ауруларды емдеу барысында қолданып келді.
Қазақстанымызда өсетін адыраспан өсімдігін адамдар улы қасиетінің бар екенін сірә біле қоймас. Алайда зерттей келе өсімдік құрамында өте улы ционид және ауыр металдар бар екені анықталды. Адыраспанды жаққанда ауыр металдар қосылыстары ауаға түтін түрінде ұшады, жоғарғы тыныс жолдары қабынғанда, тұмау аурулары кезінде пайдаланғанда ол вирустар мен патогенді бактерияларды жоятын қасиеті бар.
Солтүстік Қазақстанда көптеген улы өсімдіктерді – улы саңырауқұлақтар алады. Олардың бірқатары мухоморлар, мицендер тұқымдастарына жатады. Улы өсімдіктер алуан түрлі болып таралған: оңтүстікте шөптесін, ал орманды жерлерде қалпақты түрлері көптеп таралған.
Қазақ халқы шай, кофе сияқты өсімдіктерді күнделікті сусын есебінде пайдаланады. Оларды өте улы зат-кофеин бар. Ол жүйке жүйесін зақымдап, адам оған тәуелді болады. Ішек жолдарында токсиндері, улы заттары қабырғаларға жабысып қалады. Кофеинді нашамен теңеуге болады ....
Рефераттар
Толық