География | Бразилия Федеративті Республикасы

Бразилия (Brasil) – Бразилия Федеративтік Республикасы – Оңтүстік Америка құрлығының шығыс және орталық бөліктерін алып жатқан мемлекет.Жері – 8,5 млн.км².Халқы – 163 млн.(1996).Халқының этникалық құрамы:ақ нәсілдер – 54,7%,зәңгілер – 5,89%,мулаттар – 38,45%.Бұған қоса 3 млн-нан астам иммигранттар (жапон,италиялық,неміс,араб,француз,т.б.) тұрады.Астанасы – Бразилиа.Мемлекеттік тілі – португал тілі.Халқының көпшілігі христиан дінін ұстанады.Ұлттық мейрамы – 7 қыркүйектегі Тәуелсіздік күні.Бразилия – президенттік федеративтік республика.Елдің басшысы,Қарулы Күштердің бас қолбасшысы – президент.Жоғарғы заң шығарушы органы – Ұлттық Конгресс федералдық сенат және депутаттар палатасынан тұрады.Әкімшілік жағынан 25 штатқа,1 федералдық (астаналық) окрукке бөлінеді.Губернатор билейтін әрбір штат өз конституциясын ұстанады.
Бразилия жері экваторлық (солтүстік бөлігі),субэкваторлық,тропиктік (орталық және оңтүстік бөлігі),субтропиктік (қиыр оңтүстік-шығыс) ендіктерінде орналасқан.Жерінің көбін Бразилия таулы үстірті алып жатыр.Климаты,негізінен,ыстық,жауын-шашын мөлшері әртүрлі.Батыс жағыц ылғалды экваторлық,шығыс жағы қуаң экваторлық ендікте.Суы мол,энергия көзіне бай өзендер көп,ішінде ірілері: Амазонка,Сан-Франсиску,Парнамба,Парана.Стратегиялық маңызды ниобий,уран,торий кендері бар.Одан басқа темір,марганец,мыс,мұнай,газ,көмір қорлары мол кездеседі.
Бразилия жеріне адам неолит дәуірінде қоныстанған.16 ғасырдың басына дейін бразилия жерін тупигуарани,тупинамбас,ботокуд тамойос,короадос, т.б. үндіс тайпалары мекендеген.Олар аңшылықпен,балық аулаумен,жер өңдеумен шұғылданады,темекі,какао, т.б. дақылдар өсірді.1500 жылы Бразилия жағалауына португалдық П.А.Капрал келіп түсті де,өзі тапқан жерді Португалия иелігі деп жариялады.Ол паубразил атты құнды қызыл ағашты Бразилиядан Португалияға тасып,елдің аты осы ағаштың атынан шыққан. ....
Рефераттар
Толық