Чжэн Хэ саяхаты

Қытай тарихына үңілсек, 5000 жылдан астам уақытты қамтитын кезеңде небір оқиғалар болғанына көз жеткіземіз. Әрбір оқиға, әрбір кезең өз батырын туғызып, есімін тарихта қалдырып жатады. Қытай тарихында мұндай есімдермен тұлғалар өте көп. Кейбіреулері әлемге әйгілі болып, тарих беттерінде қалып жатса, кейбіреулері мүлдем көлеңкеде қалып, кей кезде ғана ауызға алынып жатады.
Мен өз еңбегімнің негізі еткен тұлға-Қытай тарихында өзіндік үлкен орын бар, сіңірген еңбегінің маңызы зор, ортағасырлардағы ұлы географиялық ашуларға өз үлесін қосқан қытайлық теңізші Чжэн Хэ.
Чжэн Хэ есімі Қытай халқына танымал, алайда әлі күнге дейін бұл ұлы теңізші – саяхатшының тарихта әсіресе дүниежүзілік географиялық ашулар, тарихында алатын орны шынайы таналып отырған жоқ. Чжэн Хэ бастаған қытайлық теңізшілердің Оңтүстік теңіздер мен Үнді мұхиты аймағына жасаған 7 реттік саяхаттары көптеген жылдар бойы құпияға толы болып, толыққанды қажетті дәрежеде зерттелген болатын. Алайда соңғы жылдары Чжэн Хэ есімі қытайлық тарихшылардың ғана емес, сонымен қатар көптеген басқа елдер тарихшыларының назарын өзіне аударды.
Чжэн Хэ тұлғасына дег.ен қызығушылық әсіресе Британдық газет The Daily Telegraph – тағы мақалаға байланысты күрт өсті. Ол мақалаға сүйенетін болсақ, кезінде іскерй - теңіз флотының штурманы болған, қазіргі әуесқой тарихшы Гейвин Мензис қытайлық саяхаттар тарих ұзақ уақыт зерттеу нәтижесінде мынандай тұжырымдамаға келді – қытайлық саяхатшы Чжэн Хэ Колуб пен Магиланнан әлде қайда бұрын америка континентінде болып, алғашқылардың бірі ретінде жер шарын айналып өткен. Бұл гепотезаны Генвин Мензис алғаш рет өзінің 2003 жылы шыққан “1421 қытайдың әлемді ашқан жылы” атты еңбегінде келтіріледі. Мұндай тұжырымға Генвин Мензес сөзіне сенетін болсақ, ол ұлы қытайлық абмирал Чжэн Хэнің тобы жасаған 1428 жылы картаның көшірмесі болып табылатын 1763 жылы салынған картаға сүйеніп келеді.
Ол картада таңқаларлықтай дәлелдікпен Солтүстік және Оңтүстік Америка, Африка, Еуразия, тіпті Антарктида да бейнеленген.
Генвин Мензис пікірі бойынша Флотилия Пекиннен 1421 жылы шығып, Манук аралдарына жеткенде 2 топқа бөлінеді. Кемелердің жартысы солтүстік- батыстағы Парсы шығанағына қарай бағыт алса, қалғаны Үнді мұхитын кесіп өтіп Африка жағалайларына жетеді. Батыс жағалауларын жағалай отырып, Жасыл (Зеленый) мүйісіндегі аралдарға шейін жетеді. Флотилия ақыр-аяғындағы Кариб теңізіне жетеді де, тағы да бөлінеді. Жартысы солтүстік- бағытка, солтүстік Америкаға, ал қалған бөлігі оңтүстік-батыс, Оңтүстік Америка мен Антарктидаға бағыт алады.
Осыған қоса, тарихи хронологияға сүйенсек, Колум Америкаға келгенде қытайлықтарды кездестіріп, өзін Қытайға жеттім деп ойлайды.
Сондағы жоғарыда Генвин Мензис келтірген ұзақ қашықтықты жүріп өткен, Чжэн Хэ есімімен белгілі және халықтың Христофор Колумб Американы ашты, Ал Кук, Магилан және да Гама бірінші болып жерді айналып өтті дегенге күмәндарын туғызған тұлға кім? Ол шынымен де Колумб, Магилан есімдерімен бір қатарда тұра ала ма? Оның саяхаттарының нәтижесі қаншалықты маңызды?
Менің еңбегім дәл осы сұрақтарға жауап тауып, барша мүмкіндікше Чжэн Хэнің 7 саяхатын баяндап, оның маңыздылығына жету. Чжэн Хэ тұлғасына, Чжэн Хэ есіміне байланысты құпияларды шешуге бір қадам жақындау. ....
Рефераттар
Толық