Сүлеймен Баязитов | Біз де бала болғанбыз

Оқу жылы аяқталысымен жұмыс істеуге жараған балалардың көпшілігі шабындықты алқапқа шалғы түсер күнді асыға күтеді. Жылдағы әдет бұл. Ақыры ол күн де келіп жетті. Балалар жағы Жазаға деп атап кеткен бригадир Жазубай Әбиев аға жылдағыдай әр балаға кімнің тіркемешесі болатынын айтып тұр. Міне ол менің есімімді атады.

– Сен, Игілік Шекебаев ағаңның тіркемешесі боласың, – деді . Мен Игілік ағаның «Беларусіне» қарай беттедім. Ол кісі шөп машинасын майлап жатыр еді. Мені көріп:

– Е, сен екеуміз тағы да бірге істейтін болдық па? Дұрыс-ақ, – дей келіп шөп машинасының қай жерін майлау керектігін тәтпіштеп түсіндірді. Іле іске кірістік. Тырнадай тізбектелген тракторлар... Шалғы ізінде қалып бара жатқан шабылған шөп. Күн көтерілген сайын ысып сала берген шабындықты алқап. Сол алқапта бітік өскен сан алуан шөптердің танауыңды қытықтаған жұпар исі көңілге әлдебір қуаныш сезімін ұялататындай. Жұмыс күні де аяқталды. Бригада машинасының қарасы көрінді. Ол тоқтаған тұста Жазубай ағаның: « Кәне шалғыларыңды кузовқа салыңдар!» – деген даусы естілетін. Бүгін олай болмады. Іле Жазағаңның машинасы сынып қалғаны белгілі болды. Сол сәт мен Байқожаға қалай жетер екенмін деп ойлаумен болдым. Шоманға келген тұста Игілік аға мені күнде бригадир Байқожаға апарып тастайтынын, үйім сонда тұратынын айтып көріп еді. Жүргізуші: «Мен ештеңе білмеймін», – деп түсіріп тастады. Күн қасқарайып бара жатты. Жүгіріп кеңсенің тұсынан өте бергенімде: «Тоқта, тоқта дедім ғой мен саған», – деген зілді дауыс еріксіз .....
Әңгімелер
Толық