Мира Сембайқызы | Жәрдемақы жыры


Биыл қыс ерте түсіп, қалада жеке жұмыс берушілерде, кімдерге бұйыратыны белгісіз көпқабатты сансыз үйлердің кірпішін қалап, отбасын асырап жүрген Мұқыш жұмыссыз қалды. Ауылдағы бес баласына алатын жәрдемақы, әйелінің айтуынша, бір қап ұн мен бір баллон газ алуға және жарықтың ақшасын төлеуге ептеп-септеп жетеді екен. Бұған да шүкір. Бүгін таңғы ас кезінде әйелі бір әңгіменің шетін шығарды.

— Ана Түкеш бар ғой, соның әйелі «көп балалы» дегеннен өзге тағы да төрт баласына жәрдемақы алады екен.

— Иә, сонымен?

— Мен де құжаттарды жинап, сол жәрдемақыны жасатып көрсем қалай болады? Ең болмаса күн жылынып, сенің жұмысың қайта басталғанша бір себеп болар? — деді күйеуіне сұраулы жүзбен қарап.

— Әй, ол үшін мал басын есептейді деп еді… бізге шыға қояр ма екен? — деп Мұқыш сенімсіздеу жүзбен әйеліне қарады.

— Түкештердің бес сиыр, жиырма шақты қой-ешкісі бар ғой. Сонда да алады. Оларға қарағанда бізде мал басы аз ғой. .....
Әңгімелер
Толық