Антон Чехов | Үйде


— Григорьевтердікі бір кітап сұратқан екен, мен сізді үйде жоқ дедім. Пошташы газеттермен бірге екі хат әкеп берді. Айтпақшы, Евгений Петрович, Сережаға көңіл бөлсеңіз деймін. Бүгін де, кеше де соның шылым тартып жүргенін көрдім. Бірдеңе деп ақыл айта бастап едім, құлағын басып алып, менің даусымды естімеймін дегендей, жүгіре жөнелді.

Округтік соттың прокуроры Евгений Петрович Быковский мәжілістен жаңа ғана қайтып келіп, кабинетінде қолғабын шешкен күйі өзіне баяндап тұрған тәрбиеші әйелге қарап күліп жіберді.

— Сережа шылым тартады... - деп иығын бір қозғап қойды ол, сол тәштектің папирос тартып тұрғанын көрсемші! Айтпақшы, нешеге келді өзі?

— Жетіде.

— Сізге бұл әншейін нәрсе болып көрінуі мүмкін, бірақ оның жасында шылым тарту зиянды, жаман әдет, ондай жаман әдетті әуел бастан құрту керек.

— Әбден дұрыс. Ал темекіні қайдан алып жүр?

— Сіздің үстеліңізден.

— Солай ма? Олай болса оны маған жіберіңіз.

Тәрбиеші әйел кеткен соң, Быковский жазу үстелінің алдындағы орындыққа отырды да, көзін жұмып ойлай бастады. Евгений Петрович Сережасын, ұзындығы бір кез, дәу папирос тартып, темекі түтініне көміліп тұрған тәрізді елестетті, соның өзі күлкісін келтірді: сонымен бірге тәрбиеші әйелдің шынымен абыржыған ажары, жарым - жартылап ұмытылып кеткен, әлдеқашанғы бір күндерді есіне түсірді: онда, мектепте, балалар бөлмесінде шылым тарту педагогтар мен ата-аналарға түсініксіз, сұмдық болып көрінетін. Ол шынында да сұмдық еді. Шылым тартудың нендей зиянды, қылмысты .....
Әңгімелер
Толық