Соғыс қалдырған сызат


Он бес одақтас мемлекетке ортақ мерейтой болған Ұлы Жеңіске биыл 72 жыл толғанымен, бұл мерекенің тойланып келе жатқанына 55 жыл. Себебі, біреу білсе, біреу білмес соғыс біткен алғашқы жылдары КСРО басшылығы «майдангерлер соғыстың зардабын ұмытып, халық соғыс психологиясынан арылуы керек» деген ұстанымда болып, 17 жыл қатарынан Жеңіс күні тойланбаған екен. Дегенмен, Отан үшін төккен қанның есесіндей жеңіс көңілге медеу демесең, қаншама адамзатты қан қақсатып, ет жақынынан айырған қасіретті жылдарда есеңгіреген халық оңайлықпен соғыс психологиясынан арылмасы анық еді.

Сұрапыл соғыс қазақ халқы үшін де 5 жылға созылған өте үлкен, аса ауыр сын болды. Осы жылдарда бір отбасыны күйретіп, бір емес, бірнеше азаматынан айырған жағдайлар да аз болмады. Осындай оқиғалардың бірі Ақбай ауылында орын алған. Бір жылда, бір жанұядан төрт бірдей ағайындылар атап айтқанда, Санаев Өтебай, Айтжан, Ален, Айтмағанбет майданға аттанған екен. Өкініштісі, ағайынды азаматтардың екеуі ғана елге оралыпты.

Санаев Өтебай 1947 жылы елге оралып, екі жылдан кейін қайтыс болған. Келіні Қағаз Санаеваның естелігінде Өтебайдың жары Жансұлудың айтуынша, қайтып оралғанда күйеуінің денесінде оқтың бытыралары болған. Осы денеде қалған оқтың себебінен алапат ажалдың ордасынан аман келгенімен, ғұмыры ұзақ болмапты. Өтебайдың екі қызы (Ұшыға, Бақтылы) және бір ұлы (Мұхтар) қалған. Соғысқа кетерінде Ұшыға менен Мұхтар қалған. Соғыстан оралғасын Бақтылы есімді қызды болыпты.

Санаев Ален де елге қайтып оралған. Үш ұлы мен бір қызы қалған. Екі ұлы дүниеден өткен. Ал Миткіл есімді қызы мен Бақытжан есімді ұлының көзі тірі. .....
Әңгімелер
Толық