Әйел бақыты

"Әйел бақыты" – сүюді сүйетін сүйкімді гүл. "Әйел бақыты" – құмыраның сиқырлы да сыры мол тұрғыны. Сиқырлы деуіміз бекер емес. Өйткені, бұл гүл ерте замандардан бері әйелдерді жалғыздықтан арылтып, бақытты отбасылы өмірге жетелейтін болған екен. Және мұндай оқиғалар тарихта аз болмаған көрінеді. Мыңдаған әйелдер өздерінің үйлеріне "Әйел бақыты" гүлін қойғаннан кейін, өз жартыларын, көп жылдар бойы күткен махаббатын кезіктірген. Сондай-ақ, бұл гүл сөнген сезімдер мен махаббатты оятуда да едәуір еңбек сіңіре алады. Гүлдің көмегімен ерлі-зайыптылар татуласып, бақыт құшағына енеді. Мамандар, жоғарыда аталған мәселелер өміріңізге көлеңке түсіріп жүрсе, әйел бақытын аңсасаңыз, "Әйел бақытымен" дос болыңыз, деп кеңес береді. Айтпақшы, сиқырлы гүлдің тосын сыйлары мұнымен бітпейді. Оның ең күшті құдіреті – әйел затына "ана" атануға себепкер бола алатындығы дер едік.......
Кеңестер
Толық