Азан шақырып ат қою

«Әке мен шешенің баланың алдында үш міндеті бар: туғанда жақсы ат қою, дінге тәрбиелеу, үйлендіру (қыз болса — ұзату)» Хадис-шариф

Азан шақырып ат қою — сәбиге ат қоюдың мұсылманша дәстүрі. Сәбидің бір құлағына азан шақырып, екінші құлағына қамат айтып есім қою сүннет амал болып саналады. Бұл амал нәрестенің жынысына байланысты емес: ұлға да, қызға да жасалады. Ислам дінін ұстанған қазақ халқы үшін тым жат емес дәстүрлердің бірі болғандықтан «азан шақырып қойған аты» деген тіркесті күнделікті қолданысқа енгізіп жібергенбіз.

Азан шақырып ат қою

Перзентінің құлағына азан шақырып, жақсы есім қою — Ислам дінінің ата-анаға жүктейтін жауапты міндеттерінің бірі. Әке-шешесі таңдаған есім баласы өскенде кесірін тигізбейтін болуы шарт. Сондай-ақ, адам есімінің мағыналық тұрғыда өте сауатты болуының маңызы туралы хадис-шарифте де айтылған: «Сендер қиямет күні өздеріңнің есімдеріңмен және әкелеріңнің есімдерімен шақырыласыңдар, сондықтан да есімдеріңді жақсартыңдар« ......
Кеңестер
Толық