25 Мамыр - Соңғы қоңырау (11 сынып)

-----Фанфары
-----Жүргізушілер шығады: Медетов М.О. және Құдайбергенова Шұғыла.
Мият: -Армысыздар, ұстаздар, оқушылар! «Қош бол, алтын ұя мектебім!» атты салатанатты жиынға жиналған қауым.
Шұғыла:- Міне тағы бір оқу жылы аяқталып, біздің мектебіміздің 32 түлегі бүгінгі салтанатты жиында балалықпен, мектеппен қоштасқалы тұр.
Мият:--Бұл күн – мектеп тарихында , мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн.
Шұғыла:--Жас жүректің өмірлік құштары –гүл,
Бағбан - ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.
Мият:- Бітіруші түлектерді құрметпен ортаға шақырамыз. Қошеметтеп қарсы алыңыздар!
Шұғыла: -Қарсы алыңыздар, 11 «а» сынып оқушылары. Сынып жетекшісі Төлекова Бәтіш Қайыржанқызы. Сыныпта 19 оқушы. Олар: «Алтын белгі» үміткері –Досанова Динара, Абай оқуларының жеңімпазы-Сенгірбаева Айгерім, мектеп КВН тобының.....
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық