Кім жүйрік

Сабақтың тақырыбы: «Кім жүйрік?»
Сабақтың мақсаты: Ата - аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың халық ауыз әдебиеті, салт - дәстүрі туралы білімдерін байқау. Ән - би қол өнер тәрізді халықтық өнерден хабардарлығын анықтау. Отбасы – Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, оқушыларды ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Әдісі: Ата - аналар мен балалардан құрылған командалар арасындағы сайыс түрінде өтеді.
Көрнекілігі: ҚР - ның рәміздері, Отан, отбасы, ынтымақ, бірлік туралы мақал - мәтелдер жазылған плакаттар.
Сабақтың барысы:
Жүргізуші: Атамыз қазақ «Бала адамның бауыр еті», «Балалы үй базар» дейді. Өйткені бала өмірдің жалғасы, Отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы бүкіл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан - жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін ұлттық тәрбиеге тікелей байланысты. Бүгінгі «Кім жүйрік?» атты сайысына екі отбасы қатысып отырсын. Ендігі кезекте біз осы отбасылардың өнерлерін бағалайтын қазылар алқасын тағайындап алайық. Топтарының аты: 1 - «Бірлік», 2 -«Ынтымақ» .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық