Күлдей күңгірт шашы бар, Тоқсан бесте жасы бар, Көз дегенің – сұп-сұр көр. Тасбиқ санап бүгіліп, Жерге қарап үңіліп, Көрше ауыр күрсінер, Менің бір қарт анам бар, Неге екенін білмеймін – Сол анамды сүйемін!
Көзінде көк нұры жоқ, Аузында жұмақ жыры жоқ, Жалынсыз, усыз....
Күннен туған баламын, Жарқыраймын, жанамын. Күнге ғана бағынам. Өзім - күнмін, өзім - от, Сөзім, қысық көзімде - от, Өзіме-өзім табынам. Жерде жалғыз....
Үйдің іші ұйқыда, Түн ортасы шамасы. Көзін алмай бесіктен, Бөбек жатыр албырап. Бесікте бөбек ауру, Тербетіп отыр анасы. Үнсіз, меңіреу ұзын түн, Жел азынап....