Күләш Ахметова (Қар жауып тұр қалада)

Қар жауып тұр қалада баяғыдай,
Адамдарды бақытты ет, ая, құдай."-
Туған жерге аспаннан суық гүлдер
Түсіп жатыр қанатын жая құлай.
Қай кезде де қазақтың даласы кең,
Біреу — бақыт, біреулер — жарасына ем,
Іздей ме екен, адамдар бара жатыр
Аппақ-аппақ қарлардың арасымен.......
Өлеңдер
Толық