Экономика | ҚАЗАҚСТАН БАНКТЕРІНІҢ НЕСИЕ БЕРУ МЕРЗIМДЕРI

Несие нарығы қаржы нарығының ең тез дамитын бөлігінің бірі болып табылады және банктік несиенің елімізде кеңеюін қолдауда. Банк несиесі экономикалық өсімді қаржыландырудың негізгі факторы. Қазіргі кезеңде елімізде әлемдік тұрғыда өндірісті несиелеуге жағымды жағдайлар жасалуда, бірақ олар шектеулі қолдануда. Бұл банктік жүйемен несиелеудің дамуына кедергі келтіретін факторлармен байланысты. Сол факторлар экономикадағы құрылымдық қайта құруды тежей отырып, банктік секторға шығатын несиелік және волюталық тәуелділікті күшейтеді. Осы бітіру жұмысында банк несиесінің сатылары және оны талдау, оның айналыс дәрежесі, сонымен қатар оның кеңею жолдары қарастырылады.
Банктердің қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз ету жалпы экономика дамуының басты шарты. Банктік қызмет кәсіпкерліктің басқа түріне қарағанда жоғарғы тәуелділікпен ерекшеленеді, ал банктердің ең басты қызметтерінің бірі — банктердің несиелік қызметі болғандықтан, банктер көбінесе несиелік тәуекелге ұшырайды. Банк пайдасының үлкен бөлігі несиелеумен байланысты. Бірақ несиені қайтару, әсіресе үлкен мөлшердегі несиені қайтару банкті банкротқа ұшыратуы мүмкін. Кез келген банктің табыстылығы банктің берген несиелерінің сапасына, яғни оның қайтарылымдық дәрежесіне тікелей байланысты. Несиенің уақытылы қайтарылмауы банктің зиян шегуіне итермелейді. Сондықтан банктер несиелік тәуекелділікті басқару, несие саясатын ұйымдастыру, реттеу шараларымен уақытылы айналысып отыруы тиіс.
Сонымен қатар несиелік тәуекелділікті реттеудегі мемлекеттің де рөлі маңызды болып табылады. Мұндай қызмет мемлекетімізде Қазақстан Республикасының Ұлттық банк және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау Агенттігі арқылы жүзеге асырлады. Ескере кететін жағдай 2003 жылдың 31 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасының Президентінің № 1720 Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін ары қарай жетілдіру туралы жарлығына сәйкес бір қатар өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің реттеу және қадағалау қызметтері жаңа құрылған Агенттілікке жүктелген болатын. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау Агенттігі Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің қызметін банктік жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ету, екінші деңгейлі банктердің қызметтеріндегі тәуекелді азайту арқылы салымшылардың мүдделерін қорғау мақсатында реттеу мен қадағалауды жүзеге асырады. Несиелік тәуекелділікті реттеу шараларының ішіндегі ең маңыздыларының бірі 2003 жылғы 3 маусымдығы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің басқармасының № 213 қаулысымен бекітілген « Екінші деңгейлі банктерге арналған пруденциялық нормативтер туралы» ереже. ....
Курстық жұмыстар
Толық