Қазақ әдебиеті | Төле би және оның заманы

Қазақ - сөз қадірін өз қадірім деп білген халық . Кеңдігін де, елдігін де, кемеңгерлігін де, көсемдігін де сөзге сыйғызған жұрт. Оның тарихы да, тағдыры да, тәлімі мен тәрбиесі де, даналығы мен дала көңілі де сол сөзде табылады.
Сайын дала төсінде мал - жан тіршілік қамымен көбіне аттың жалы, түйенің қамында көшіп қонып жүрген дарынды халқымыз көршілес Батыс - Шығыс елдеріне қарағанда жазу - сызу мәдениеті кенжелеу дамығанмен, мазмұны мен сапасы, көлемі жағынан алғанда қай халықтікінен болса да кем түспейтін, олқы соқпайтын орасан бай ауыз әдебиетін жасады. Халқымыздың мақтанышына айналған көне ауыз әдебиетінің інжу - маржаны деуге боларлық бір түрі - шешендік сөздер.
Бұл сөздердің қаны мен жаны-төзім, мәрттік, кеңдік, адалдық, ақ жүрек, қайырымдылық сияқты халық қасиеттері еді.
Шешендік сөз суырып салма ақындық өнермен туыстас.
"Түйеге мінгеннің алты ауыз өлеңі бар", - демекші, кез - келген үлкен-кіші, әйел-еркек, "ауылдың алты ауызын", "қонақ кәде", бет ашар, "той бастарды" домбыраға қосып әндете жөнеледі.
Небір аумалы - төкпелі, алмағайып замандарды бастан кешірсе де, халықтың алты ауызы жоғалмады, халықтың өзінен басқару жүйесі болды, ел қамын жеген ерлері, сөзін сөйлеп жағдайын жайлаған шешендері, білімпаз билері болды. Би - халықтың көкейіндегісін айтқан, көмейіндегісін жарыққа шығарған әділет жоқшысы. Би байлық та, барлық та, жасай алмаған .Би тұғырына топты жарып таразы басын тең ұстап, әділін айтқан, қара қылды қақ жарған кісі көтерілген.....
Курстық жұмыстар
Толық