Қазақ тілі | Тілдік қатынас

Кіріспе
Диплом жұмысының өзектілігі. Ғасырлар бойы бостандықты, елдікті аңсаған еліміздің қолы тәуелсіздікке жеткелі бері мемлекеттік тілде ұлтымыздың сана-сезіміне, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпына сай келетін, яғни ұлттық рухын жоғары көтеретін мәселесі тіл білімі саласында ғана емес, ғылымның барлық саласында күн тәртібіндегі айрықша маңызға ие болды. Осы бағытта көптеген ғалымдар: (Қ.Асылов, Ү.Құсайынов, Ф.Оразбаева, Ә.Жүнісбеков, Д.Рахымбек т.б. еңбек еткен. Оқулық түзу мәселесі үш түрлі бағытта жүріп жатыр, бірақ олардың бәрі бірдей өмірден практикалық қолданым талқылауда себебі білім стандарты мен оқу бағдарламалардағы негізгі бағыт оң болғанымен, оның жалпылама сипатта ғана беріліп, жүзеге асыру жолдарының нақты жүйесінің жасалынбауы оқулықтарға ол талаптардың орындалмай қалуына соқтырған. Біз үшінші бағытта коммуникативтік қатынастағы тіл ретінде үйретуге бағытталған оқулықтар тобына назар аударып отырмыз. Себебі тілдік қатысым болмай адамдар өзара түсінісе алмайды. Бұл - алғашқы қадам. Қазақ тіл білмегенде бұл салаға алғаш бет бұрып, осы бағыттың дұрыстығын дәлелдеген ғалым педагогика ғылымдарының докторы, профессор Оразбаева Фаузия Шамсияқызы. Оның: Қазіргі жас ұрпақ XXI ғасырда Қазақстан Республикасына білімді тұлғамен қатар қазіргі әлемдік өркениетке сай мінезі, тапқырлығы талабы мен таланты жетік өз ортасын жарып шыға алатын, бәсекеге төтеп бере алатын жеке тұлғаның қажет екенін біліп, мемлекеттік, шетел орыс тілдерін жетік білетін мамандарға ұмтылуда — деген атты біздің дипломдық жұмысымыздың маңыздылығын айқындай түсері хақ. ....
Курстық жұмыстар
Толық