Медицина | Туберкулез ауруы

Кіріспе
Бір кезде індеттануды өте тар аяда тек қана індеттің таралуы туралы ғылым деп таныды. Шындығында індеттану жұқпалы аурулардың індет түрінде кең таралуын ғана емес, спородия ретінде бірең – сараң жағдайда байқалуын да қамтиды. Керісінше соңғы бір уақыттары бұл ғылымның ауқымын тым кеңітіп, оны жұқпалы аурулар туралы барлық мағлұматтардың жиынтығы ретінде қарастыра бастады. Жұқпалы аурулар туралы ғылымдар жиынтығын /ол шартты түрде «инфектология» деп аталады/ теория жүзінде жасау мүмкін болса да, жұқпалы аурулардың табиғатын зерттейтін барлық пәндерді: микробиологияны, вирусологияны, иммунологияны, эпидемиялогияны, эпизоотологияны, патологиялық анатомияны, патологиялық физиологияны және тағы басқаларын бір ғылым ретінде қарастыру іс жүзінде мүмкін емес.
Қазіргі ветеринариялық жоғары оқу орындарында оқытылатын індеттану пәні біршама дербес, бірақ бір – бірімен тығыз байланысты үш саладан тұрады. Олар – індеттанудың өзі, жұқпалы аурулар және ветеринариялық санитария. Практикалық ветеринарияда бұларды бір – бірінен бөліп қарауға болмайды. Індеттанудың өзі індет процессін зерттейді. Ол жалпы індеттану және жекеше індеттану деген екі салаға бөлінеді. Жалпы індеттану індет процесінің барлық немесе көптеген жұқпалы ауруларға тән заңдылықтарын қарастырады. Жекеше індеттану жеке аурулар кезіндегі індет процесін зерттейді.....
Курстық жұмыстар
Толық