Тарих | Қытай – Түркі мифтері

Кіріспе
Миф дегеніміз не? Бұл сұраққа жауап беру оңай емес. Жалпы ежелгі заманғы әлем әдебиетінде "миф" деген ұғым болған жоқ, ол тек жаңа дәуірде пайда болды. "Миф" деген сөз - тылсым құпия тереңіне оңай бойлататын, таңданыс пен өзгеше әсерге бөлейтін ұғым. Көптеген ғалымдар, зерттеуші мамандар "мифті"-нақтылы іс-әрекетке еш қатысы жоқ, адамзат қиялының жемісі деп есептейді. Бұл үлкен адасушылық. Біздің елімізде мифология туралы жарық көрген еңбектер аз емес. Сондықтан да "Миф" дегеніміз не деген сұрақты айқындап алу үшін, алдымен ол жайлы айтып кеткен ғалымдардың пікіріне сүйенейік. Ұлы орыс елінің жазушысы М. Горькийдің мифология туралы сөзін мысалға келтірсек: "мифология – табиғатпен күрестің, табиғи құбылыстың - бейнесі және көркем тілмен өрнектелген әлеуметтік өмірдің - көрінісі. " Бұл мифтің шығу тегін ғана емес, сонымен қатар оның негізінде шынайы өмірдің жатқанын, тектен – тек тумаған ой екенін дәлелдейді.
Шынайы өмір мен мифтің тығыз байланыста екенін Горький тағы да былайша түсіндіреді: "Өзінің бар күшін тек өмір сүруге ғана жұмсайтын төрт аяқты жануар мен адамды елестету тым қиын. Саналы адам өзінің еңбек етуі арқасында, туылу әрі ұрпақ өсіру сауалына ойланумен ерекшеленеді. Сондықтан да мифтің шығу тегін, қайнар көзін зерттеуде шынайы өмірден алшақтата қарау негізге жатпайды, олардың еңбегі мен күресі ешқандай мәнге ие емес деп айтуға мүлде болмайды. /2, 7б/....
Курстық жұмыстар
Толық