Қылмыстық заң | Қылмыстық заңның дамуы

Кіріспе
Қазақстан Республикасы қылмыстық заңының тарихын жазу кезек күттірмейтін аса келелі мәселе, еліміздің абыройлы міндеті. Әрісі дүние жүзі, берісі өз республикамыздың заңгерлері үшін қазақ елінің әлімсақтан келе жатқан сот істері мен билер үкімін тарихи тұрғыдан танып білу – аса қажет нәрсе. Біздің дәуірге дейінгі жыл санауды және одан кейінгі дәуірлердегі, жалпы, жер бетіндегі мемлекеттердің дамуы, қалыптасуы бір-бірімен етене аралас өркен жағынан тарих теріске шығармайды. Ендеше мемлекетіміздегі үшінші Әлем жұртшылығының алдында осы кезге дейін қазақ халқы көшпенді, өз алдына мемлекет, ел билеу заңы жоқ жабайы халық ретінде сипатталып келді. Бұл әрине ақиқатты тарихты бұрмалаушылық еді. Тарих деректеріне жүгінсек, қазақ халқы өз алдына дербес мемлекет құрғалы бері бірнеше заңдар жинақтарын қабылдаған. Мұндай заңдар қатарына алдымен 16-ғасырдың бірінші ширегіндегі Қасымхан (1511-1520 ж.ж.) дәуірінде қабылданған "Қасым ханның қасқа жолын" жатқызуға болады. 16-ғасырдың аяғыңца 17-ғасырдың басында билік құрған Есімханның (1548-1628 ж.ж.) "Есім ханның ескі жолы" деп аталатын заңдар жинағы болғаны тағы белгілі. 17-ғасырдың аяғында 18-ғасырдың басында Тәуке хан тұсыңда (1680-1718 ж.ж.) атақты "Жеті жарғы" деп аталатын конституциялық құжат жасалды. "Жеті жарғыға" сол кездегі қазақтың тұрмыс, әдеп ғұрпына, өміріне тән қоғамдық қатынастардың негізгі салалары енген. Бұл құжат жеті саланы: жер дауын; жесір дауын; құн дауын; бала тәрбиесі мен неке қатынасын, қылмысқа жауапкершілікті, руаралық дауды және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді тәртіптеген (оның жазба толық нұсқасы әлі табылған жоқ, бізге ұрпақтан-ұрпаққа ауызша ауысқан түрі ғана жеткен).....
Курстық жұмыстар
Толық