Қазақ әдебиеті | Қазіргі қазақ повесть-әңгімелеріндегі лиризм

КІРІСПЕ
ХХ ғасыр соңы адам, қоғам санасына өзгерістер, берекесіздік әкелуімен ерекшеленеді. Қоғамдық құрылыстың өзгеруіне байланысты, бұрынғы сана мен бұрынғы идеалдар жойылып, жеке сана пайда болды. Осының нәтижесінде ХХ ғасыр плюрализмі әдебиетте де көрініп, бір-біріне ұқсамайтын жазушылар шығармашылығы дүниеге келді. Бұрыннан жазып жүрген қаламгерлер қазіргі әдебиетте де көрініп, бір-біріне ұқсамайтын жазушылар шығармашылығы дүниеге келді. Бұрыннан жазып жүрген қаламгерлер мен әдебиетке жаңа келген жазушылар арасында түсініспеушілік пайда болды. Тіпті тұстас суреткерлер де бір-бірінің шығармашылығын түсінбейді. Өйткені әр жазушы өз шығармасында өз дүнетанымын бейнелейді, өз қабылдауын береді. Әдебиет – идеология құралы емес, жеке тұлғаның өз-өзін таныту құралына айналды.
Әрбір суреткер әдебиет арқылы өз бойындағы энергиясын шығаруға машықтанды. Көп жазушылар оқырман қабылдауымен санаспайды. Олар үшін тек субьективті дүниетанымын суреттеу ғана маңызды болды. Не болмаса, шығарма терең ойлы, ерекше саналы оқырманға лайықталады. Әдебиет қоғамдағы өзгерістерді жіті бақылап отыр, әйтсе де сол құбылыстарға ілесе алмай қалатын кездер де байқалады.
Әдебиеттануда көркемдік әдістер алмасуы әр кезеңде түрлі көзқарастар тұрғысынан көп рет талқыға түскен еді. Негізгі жетекші әдістер реализм мен романтизм деп, ал модернистік жүйе әдістері керітартпа, декаденттік әдістер ретінде түсіндіріліп келді.....
Курстық жұмыстар
Толық