Экология | Қазақстан климатының ерекшеліктері

Кіріспе
Қазақстанның климаты шұғыл континентті келеді, оның солтүстік аймағының қысы суық, жазы қоңыржай, ал оңтүстігінде қыс онша қатты болмайды, жазы ыстық, қуаңшыл. Бұл температураның тез ауысуынан, ауаның құрғақ болып, жауын-шашынның аз түсуінен байқалады. Жалпы климаттың қалыптасуына географиялық ендік, күн радиациясымен қатар атмосферада жүріп жататын күрделі процестер әсер етеді. Қазақстанның климатына Солтүстік Мұзды мұхит үстінде қалыптасатын арктикалық ауа массалары көктемнің соңғы, жаздың алғашқы айларында бау-бақшаға үсік әкеледі. Орта Азия үстінде қалыптасатын тропиктік ауа массасы жаз айларында Қазақстан жерінде температурасы жоғары өте құрғақ ауа райын қалыптастырады. Қазақстан климатына Азия антициклонының әсері мол. Қыс кезінде Орталық Азияда қалыптасатын антициклонының әсерінен ауаның жоғарыдан төмен қозғалуына байланысты бұлт азайып, жер беті суып, аязды ауа райы орнайды. Сондықтан Қазақстанда «Сібірдің қысы», «Азияның жазы» болады.....
Курстық жұмыстар
Толық