Қазақ әдебиеті | Шәкәрім және оның заманы

І тарау. Шәкәрімнің тұлға ретіндегі қалыптасуы
1.1. Шәкәрімнің тұлға ретінде қалыптасуы.
1858 жылы 24 шілдеде Семей облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында туған. Ақын, ойшыл, композитор, аудармашы. Ата-анасынан ерте айрылған Шәкәрім немере ағасы — қазақтың ұлы ақыны Абайдың қолында тәрбиеленді. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді жасынан сырқат болып, 37 жасында дүние салған. Ол кісі әділетті, жұртына қамқор, ел дауынан сырт жүретін өте кісілікті жан болған. Ақынның өз шығармаларындағы өмірбаяндық деректерге сүйенсек, оның бал дәурен балалық шағы жеті жаста әкесінен жетім қалғанына қарамастан, ,беделді де, дәулетті қажы атасы Құнанбайдың саясында сүйкімді немересі болып, уайым қайғысыз, емін-еркін, тоқшылық баршылықта өтіпті. Ақын ағасы Абайдың ықпалымен 16— 17 жасында Шәкәрім өлең жаза бастады. Шәкәрімнің бозбала жастық шағы іздену, үйрену, оқу бағытында Құнанбай қажы ауылында қалыптасқан өнерлі ортада өтті, яғни ұлы Абай ұйтқы болған өнер - білім мектебінің шәкірті болып өсті; сөз өнеріне, қол өнеріне, музыка өнеріне төселіп тәлім-тәрбие алды, үлгі-өнеге көрді. Шәкәрім осы тұста жазу жұмысымен біржолата айналысып кете алмады. Жиырма жасқа толар-толмаста Шәкәрім ел басқару жұмыстарына араласып кетті. Жастықтың қару қайратын ел ішіндегі қарым-қатынастарды қалыпты күйге түсірмекке жұмсамақ болды. Сайлауға қатысып, шарға түсіп болыс болып та сайланды.....
Курстық жұмыстар
Толық