Экономика | Макроэкономика

Кіріспе
Классикалық мектептің экономистері нарықтық жүйе ұзақ мерзімді кезеңде экономикадағы ресурстарды толық пайдалануды қамтамасыз етеді деп пайымдаған болатын. Оның өзінде анда-санда туып қалатын сәйкессіздіктер нарықтың автоматты түрде өзін-өзі реттеу негізінде шешіледі. Соның арқасында, ең соңында, жұмыспен толық қамтамасыз етілу нәтижесінде экономикада өндірістің тиісті деңгейіне қол жетеді.
30-шы жылдардың «Ұлы тоқырауы» мұндай көріністерді жоққа шығарды. АҚШ-та 1930 жылдан бастап, төрт жыл қатарынан, өндіріс көлемі мен нақтылы табыс ұдайы қысқарып отырды.
1929 жылы мен 1933 жылдардың арасында АҚШ-тан жан басына шаққандағы табыс әуелі 30%-ға құлдырады. Әсіресе жұмыссыздық американдықтардың есінде сақталынып қалды. 30-шы жылдары жұмыссыздардың орташа үлесі 19 %-дан астамды құрады. 1933 жылы құлдыраудың ең төменгі нүктесінде жұмыссыздар ресми түрде өздерінше тіршілік етуші халықтың 25%-ы болып саналды.
30 жылдардың тәжірибесі классиктердің баға және жалақы, әсіресе қысқа мерзімді кезеңде, болар-болмас өзгереді деген ойларының дұрыстығына күшті күдік тудырды. Шындығында да, ХХ ғасырдың алғашқы онжылдығында-ақ монополиялар мен кәсіподақтардың, ең аз жалақы ....
Курстық жұмыстар
Толық