Экономика | Банк несиелерін есепке алу

КІРІСПЕ
Халық шаруашылығы мен банктің басқару жүйесіндегі бухгалтерлік есептің рөлін көтермей, экономнканы дамыту мүмкін емес.
Уақтылы, толық және обьективті есеп банк жұмысын үнемді жүргізуге, көп шығын болдырмауға, әрдайым резервтерді іздестіруге, пайданы көбейтуге мүмкіндік береді. Бухгалтерлік есеп — бұл құжаттар негізінде құрылған шаруашылық қызметтің біртұтас, үздіксіз өзара байланысқан бейнесі. Банктегі бухгалтерлік есеп ең алдымен өзінің оперативтілігімен ерекшеленеді. Оны мынадан көруге болады. Мысалы, банк мекемесінде бір операциялық күннің 3-4 сағатында (9-13 сағатқа дейін) жүргізілетін есеп айыру, кассалық, несиелік және тағы басқа операциялары сол күнгі аналитикалық есептің құжаты, яғни клиенттің дербес шотында көрсетіліп, күнделікті баланс құру әдісі арқылы бақыланады. Бұл ақша қаржыларының сақталуы туралы, күнделікті ақша айналымы мен есеп несие қатынасының жағдайы туралы жедел ақпарат алуға және ақша айналымы мен несиелік ресурстар айналымын қадағалауға мүмкіндік береді. ....
Курстық жұмыстар
Толық