Құқық | Заңды тұлғалардың негізгі түрлері

«Меншік шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады»(ҚР АК 33-бабы).
Заңды тұлғалардың жоғарыда аталған белгілерін қарастырсақ. Оқшау мүлік – шаруашылық қатынастарына дербес түсуі үшін ұйымның тек қана басқа ұйымдардың ғана емес, сондай – ақ мемлекеттің мүлкінен де оқшау мүлкі болуы керек.
Азаматтық айналымда өз атынан сөйлеу қабілеті – бұл өз атынан азаматтық құқықтар мен міндеттерге ие болу, талапкер және жауапкер ретінде жауап беру мүмкіндігі, бұл – ұйымдық құқық субъектісі – заңды тұлғаның мойындауының заңды салдары болып табылады.
Заңды тұлғаның өз міндеттемелері бойынша дербес мүліктік жауапкершілігі – оның оқшау мүлкінің салдары. Атап айтқанда, кәсіпорын өзіне тиесілі барлық мүлкімен өз міндеттемелері бойынша жауап береді. Меншік иесіне оның мүлкіне міндеттемесі бойынша кәсіпорынның жауапкершілігі болмайды. ....
Курстық жұмыстар
Толық