Қаржы | АҚШАНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ

Ақша адамға ежелден таныс. Бірақ оның қалай пайда болғандығы туралы құпия сыры және қоғам өміріндегі мәні көп уақытқа дейін беймәлім болды. Бұл сұрақтарға қоғам өмірін зерттей келіп, оқымыстылар ақшаның тауар ақша айналымында атқаратын маңызын жан-жақты ашып, жауап берді. Ақша – тауарлы өндірістің өнімі.
Алғашқы қағаз ақша 1260-1263 ж.ж. Қытайда пайда болды. Капитализм кезінде қағаз акшаның алғашқы партиясы 1690 ж. Англияның Солтүстік Америкадағы Массачусетс колониясында шығарылған болатын және ол алғашқыда солдаттарға жалақы төлеуге арналған. Ресейде алғашқы қағаз ақшалар (ассигнация) 1767 ж. шығарыла бастады.
"Монета" атауы (латынның "монес" ақылшы деген етістігінен шыққан) б.д. дейінгі V ғ. Юноны — Монеталар ордасында (храм) Римде ұйымдастырылған алғашқы тенге (монета) сарайынан шықкан (Юноны — Ақылшы).
Ең ауыр металл теңге (монета) заңды түрдегі құндылығы 10 талерлік шведтің мыстан құйылған теңгелері саналады. Олар XVIII ғасырда да соғылды, олардың әрқайсының салмағы 19 кг 710 грамға теңелетін.
Құндылығы жағынан ірі теңге 1654 жылы шығарылған 200 махурлы үндінің алтын тсңгесі болды. Оның салмағы 2 кг 177 гр, диаметрі 136 мм құрады.
Шынымен, газет пен уақ монеталар арасында қандай да бір байланыс бар ма? Қызығы сол, баршаға таныс "газет" сөзі өзінің шығу тегі жағынан XVI ғ. Венеция Республикасында соғылған "газета" деп аталган уақ мыс монеталарга қарыздар екен. 1566 ж. Венецияда алғашқы баспа басылымы ("Жазба ведомстілері") жарық көрген кезде, оның кұны бір газет болып белгіленіпті. Соған дағдыланудың күші соншалық, монета атауы басылым атауына нық бекіп қалған. Сөйтіп, уақ тиын деген мағынадағы "газета" деген итальян сөзі басқа тілдерге де ауысқан....
Курстық жұмыстар
Толық