Педагогика | Арифметикалық амалдар

Тақырыптың көкейтестілігі. Қазақстанның тәуелсіздік және егемендік алуына байланысты, өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беру мәселесін қоғам дамуының қазіргі кезеңінің талаптарынан туындап отырған міндет және мақсаттарға орай жан-жақты жетілдіру қажет болып отыр.
Әрине, бұл білім беру жүйесінің барлық буындарына, соның ішінде бастаушы буынға, зор жауапкершілік жүктейді. Өйткені, білім мен тәлім-тәрбиенің негізгі бастаушы метепке қаланады.
Осы бағытта біршама шаралар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда: бастаушы мектепке оқытылатын пәндерден жаңа мемлекеттік стандарт, бағдарламалар жасалып, соларға сәйкес төлтума оқу-әдістемелік жиындықтар жазылды, демек, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың жаңа жүйесі мектептердің тәжірибесіне енгізілуде, яғни педагогикалық ғылымның озық идеяларымен жинақталған құнды тәжірибелердің нәтижелері өзгерген және жаңа жағдайларда өзінің қолданысын табуда.
Осындай күрделі мәселенің дұрыс шешілуі ұстаздардың теориялық білімінің және кәсіби мамандығының деңгейіне тәуелді. Сондықтан, оқушыларға тек қана білім берумен шектеліп қалмай, қазіргі заман талабына сай тәлім-тәрбие беретін, яғни халқымыздың тарихы, мәдениеті, салт-санасы, әдет-ғұрпы, педагогикасымен таныстырып, ой-өрісін, қабілетін жан-жақты дамытуға толық мүмкіндік туғызатындай дайындығы бар мамандар дайындаудың қажеттігін ескеруге тура келеді.
Бастаушы мектептің осындай талапқа сай мұғалімдерін дайындау педагогикалық колледждердің, жоғары оқу орындарының бастаушы оқыту педагогикасы мен әдістемесі факультеттерінің үлесіне тиюде. Осы оқу орындарының әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері болғанмен, бастауыш мектептің болашақ мұғалімдерін дайындауға қатысты алғанда, ортақ міндетті шешуіне тура келеді, яғни кәсіби мамандыққа қажетті білім, білік және дағдылармен жан-жақты қаруландыру мақсатын көздейді. Осыған орай «Бастаушы сыныптарда мамтематиканы оқытудың әдістемесі» атты курс оқытылып, үйретіледі. ....
Курстық жұмыстар
Толық