Психология | Аристотель

Аристотельдің (б.з.б. 384-322 жылдары) философиясы, бір жағынан, барлық көне грек философиясының қорытындысы іспетті. Ал, екінші жағынан, Аристотель көзқарасы орта ғасыр мен жаңа дәуірдің ғылыми ілімдерінің қайнар бастауы болды. Яғни, бұл ұлы ойшыл көне грек данышпандары көтерген проблемаларға жан-жақты талдау жасап, өз заманындағы көкейкесті мәселелерді шешіп беруге ұмтылды. Ол, сондай-ақ өзінің өмір сүріп отырған заманы әлі де күн тәртібіне қоймаған мәселелерді шешемін деп болашаққа ой жүгіртті.
Аристотель «Метафизика» деп аталатын кітабында философияның негізгі мәселелерінің бірі – болмысты жан-жақты анықтай отырып, өзіне дейінгі ойшылдарға әсіресе Платонның философиясына сын ескертпелер айтты.
Аристотель-Платонның шәкірті. Ұстазының көзі тірісінде шәкірті оның шығармаларына сын көзбен қарап, пікірлерін ашық айтпағаны рас. Бірақ кейін келе, өзінің философия жүйесін жасау процесінде ол Платонның көзқарасына қарама – қарсы шықты. Аристотельге: «Сен неге көзінің тірісінде ұстазыңа қарсы шықпадың?» - деп айып таққанда. Ол: «Платон маған дос, бірақ ақиқат одан да гөрі қымбатырақ», - деп жауап беріпті деген аңыз бар .
Аристотель Платонға қарсы шыға отырып, мазмұн мен форма, яғни материя мен форма мәселесін көтерді, олардың өзара байланысын ашпақшы болды дедік қой. Ал енді осы екі категорияның (материя мен форманың) диалектикалық қатынасын талдай отырып, Аристотельдің философиялық жүйесіне көз жүгіртелік.
Аристотельдің анықтамасындағы «Материя» Платонның ұғымындағыдан әлдеқайда өзгеше «Материя», Аристотельдің ойынша «Субстрат» (латын тілінде «негіз», «астар» деген мағына береді) ....
Курстық жұмыстар
Толық