Құқық | Алаяқтықтың қылмыстық құқықтық сипаттамасы

Еліміз тәуелсіздік алғалы бері, осы тәуелсіздіктің алуына куә болған азаматтар өмірінде көптеген өзгерістер болды. Өмір, идеялар, құндылықтар, формация – барлығы аяқ астынан аударылып түсті. Жеке меншік, азаматтық қоғам, жеке кәсіпкерлікті реттейтін азаматтық құқық “басын көтеріп”, терең тыныс алуға мүмкіншілік алды.
Қылмыстық құқықта да қылмыстық заң қорғайтын құндылықтардың жаңа иерархиясы бекітілді. Ол иерархия адамның ажырамас табиғи құқықтары мен бостандықтарына негізделген болатын .
Нарықтық экономикалық қатынастарға өту жағдайларында, меншіктің жаңа түрлері пайда болу кезеңінде, меншіктің барлық нысандарын берік қорғауға қажеттілік туындады. Бұл міндет, әрине, жас мемлекетімізге жүктелді.
1997 ж. Қазақстан Республикасында Қылмыстық Кодексті қабылдау - әлеуметтік және саяси салалардағы ірі өзгертулердің объективтік қажеттілігі болды. Бұл, әсіресе, еліміздің Конституциясын қабылдаумен байланысты болды. Себебі, Конституция мемлекетіміздің қағидаларын, құндылықтарын, бағыттарын анықтап бекітті. Жаңа кодексті қабылдау қылмыстық құқық ғылымы алдына, меншікке қарсы пайдакүнемдік қылмыстарға байланысты және сот-тергеу тәжірибесінде қолданылатын заңнамалық новеллаларды зерттеу бойынша міндет қойды.
Еліміздегі салыстырмалы тұрақсыздық және меншікке қарсы қылмыстардың кең таралуы – олармен күресудің қылмыстық-құқықтық әдістерін тұрақты түрде жетілдіруді қажет етеді. Ең алдымен қылмыстық заңнамадағы “ақ дақтарға” көңіл бөлу керек. Себебі, егер қылмыстық жауаптылық тек қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттер үшін туындайтынын ескерсек, онда бірқатар әрекеттер тиісті жазалаусыз қалатынына қауіп бар. Сондай-ақ осы “ақ дақтардың” болуы салдарынан, бір әрекетті өзге қылмыс құрамымен саралау жағдайлары болуда.
Сол сияқты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларын жетілдіру қажет екендігі рас. Себебі, Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары Қазақстан Республикасындағы қолданылатын құқыққа жатады.
Заң ғылымының әдебиеттерінде, ғалымдар меншікке қарсы қылмыстардың ішінен “алаяқтық” қылмысын ерекше атап өтеді.
Алаяқтықтың қоғамдық қауіптілігі – бұл алдау немесе сенімге қиянат жасау нәтижесінде азаматтарға, ұйымдарға, мемлекетке зиян келтірілуінде.
Алаяқтық қылмысы мүліктік қылмыстар арасындағы салыстырмалы түрде аз тараған, 5,5% қана, бірақ оның үлесі күннен күнге өсуде....
Курстық жұмыстар
Толық