Биотехнология | Азықтық антибиотиктер

Жобаның өзектілігі: Антибиотиктер немесе антибиотиктік заттар – бұл тірі жасушадан синтезделетін органикалық қосылыстар. Антибиотиктердің өте аз концентрациясы микроорганизмдердің өсуін шапшаңдатуға қабілетті немесе оларға сезімтал микроорганизм түрлерін толығымен жояды. Оларды тек микроорганиздер жасушасы ғана емес, өсімдіктер және жануарлар жасушасы да продуцерлейді.
Антибиотиктер дегеніміз – биологиялық қоспалар. Олар тірі клеткалардан алынады жән аз мөлшерде байытылғанның өзінде оған сезімтал микроорганизмдерді толық жойып жібере алады немесе өрбуін бәсеңдетеді. Олар тек микроорганизмдер мен өсімдіктерден ғана емес, аңдардың клеткаларынан да алынады. Антибиотиктердің өсімдіктерден алынғанын – фитонциттер деп атайды. Оларға сарымсақтан алынатын хлорепин, томатин, сативин және пияздан бөлінетін апиндер жатады.
Антибиотиктердің микроорганизмдермен синтезі – бұл ағза эволюциясы кезінде пайда болған және дамыған антогонизмнің тұқымқуалаушылық формасы. Микроорганизмдердің әр түрі бір немесе бірнеше қатал арнайы антибиотиктік заттар түзуге қабілетті.
Антибиотиктер медицинада өте ертеден және кең ауқымды қолданылып келеді. Алайда олардың көбінің бактериалды жасушаға әсер ету механизмі әлі орнатылмаған.....
Курстық жұмыстар
Толық