Экономика | АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІН ДАМЫТУ

Қазіргі кезде агроөнеркәсіп кешені мемле¬ке¬тіміздің даму қарқынына сай өркендеп келеді. Республика Президенті Н.Назарбаевтың “Қазақ-стан халқының әл-ауқатын арттыру – мем¬ле¬кеттік саясаттың басты мақсаты” атты Қазақстан хал¬қына Жолдауында атап өтілгендей, ауыл¬да¬рымыз бен селоларымыздың өмір сапасын жақ¬сарту мемлекеттік саясаттың басым бағыты бо¬лып қала береді.
Ел өміріндегі осынау маңызды саналатын агро¬өнеркәсіп саласын дамытуға мыңдаған ең¬беккерлер өз үлестерін қосуда. Агроөнеркәсіп ке-шенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға ар¬налған тұжырымдамасы мен оны іске асы¬рудың бірінші кезектегі іс-шаралар жоспарында агр¬арлық секторды индустрияландыру, бәсекеге қабілеттілігін арттыру, жеріміздің кеңдігі мен еліміздің географиялық тұрғыдағы артық¬шы¬лық¬тарын пайдалана отырып, кейбір өнім түрлерін та¬биғи ортада тиімді әрі сапалы өндіру мүм¬кіндіктері, инфрақұрылымды дамыту, агро¬өнеркәсіп өнімдерінің рыногын мемлекеттік реттеу, елдің азық-түліктік қауіпсіздігін қам¬та¬ма¬сыз ету мәселелері жан-жақты қарастырылған....
Курстық жұмыстар
Толық