Қазақтың салт-дәстүрлерінің маңызы

Қазақтың салт-дәстүрлері ежелден келе жатыр.Ол ұрпақтан-ұpпаққа ауыcып отырады.Қоғамдық ұйымдар мен адамдардың мінез-құлқын, іс-әрекетінің рухани негізі. Дәстүр мәдениетпен өте тығыз байланысты, cол себептімәдeниеті жоғары дамыған ел- дәстүргe бай. Ата-ананы құрметтеy, үлкенді сыйлаy, адалдық,шындық озық дәcтүрлeрге жатады.Дағды, әдeт-ғұрып дeген ұғымдар адaмның мінезі және қанғa сіңгeн қылықтарды білдіpеді. Уақыт өткeн сайын салт-дәстүрге өзгеріс енген.Салт-дәстүр қазақ үшін бұлжымас заңға айналған.......
Шығармалар
Толық

Көрікті де келбетті – Балқашым

Ерке толқыны жағаға ұрып, балығы тайдай тулағын, көкше көлдің теріскейіндегі шағын қаламыздың жетпіс жылдан астам тарихы бар. Осы жылдар ішінде талай тарихи оқиғаларды бастан кешкен Балқаш қаласы қазіргі таңда барша әлемге сары алтындай мысымен және орталық қазақстанның жауһары атанған – Балқаш көлімен де әйгілі.Жер шарындағы ішкі су қоймалары бар ең көне көл деп саналады. ......
Шығармалар
Толық

Менің отаным – Қазақстан

«Отаным» деген жас жүрегімнен шыққан асыл сөзді мақтанышпен, асқақтықпен айта аламын. Ата-бабамыздың азаттық жолындағы ерен ерлігінің арқасында осынау арман еткен заманға тер төге, көп күш жұмсай жеткен елімді мақтаныш етемін. Талай жылғы ұлы дүбір, дүрбелеңнен кейін жарқын болашақтың таңы атып, еркіндік пен теңдік есігін айқара ашты. Еліміздің күні оңынан туып, жарық жұлдыздар шоғыры ұлттық намыс пен арымызды тудай желбіретті. Әрине, бұл күн оңайлықпен келмегені белгілі. Еліміздің арыстары талай жылдар басын тау мен тасқа ұрып, тар жол тайғақ кеше жүріп, еліміздің болашағы, келер ұрпақтың бақытты ғұмыры үшін аянбай күресіп табандылық пен асқан қайсарлық, шыдамдылық пен беріктік танытты. ......
Шығармалар
Толық

Сарыарқаның інжу- маржаны – Жезқазған қаласы

Жезқазған қаласы— Қарағанды облысының ірі шаһарларының бірі. Қаланың іргесі 1954 жылы қаланды. Кеңгір өзені жағасындағы Кеңгір ауылының орнында тұрғызылды.Үш мыңнан астам ғана халқы болған. Кейін Кеңгір су қоймасына жақын маңнан үлкен қаланың құрылысы жүре бастайды. Белгілі өлкетанушы С. Бүкіров: «...Жезқазғанның арғы аты – Ақжал. Кенді үңгірдің бірін қазғанда самородок сары мыс, жез көптеп табылыпты. Содан жергілікті халық өз тіліне аударып, «Жезқазған» атаса керек», – дейді.......
Шығармалар
Толық

Патриоттық тәрбие-отаншылдық кепілі

«Әрбір адам біздің мемлекетімізге, соның бай да даңқты тарихына, оның болашағына өзінің қатысты екенін мақтанышпен сезіне алатындай іс - қимыл жүйесін талдап жасауы қажет. Елдің мәселелері де, келешегі де барлық адамға жақын әрі түсінікті болуы тиіс. Әрбір адам бала кезінен Қазақстан – менің Отаным, мен үшін жауапты екені сияқты мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей істегені жөн»,-деп Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі жас ұрпаққа ең бастысы патриоттық тәрбие беру деп ұғынған.Біз өзіміздің бойымызға отаншылдық сезімі мен өз елімізге деген сүйіспеншілкті дамытуға тиіспіз. ......
Шығармалар
Толық

Табиғатты аяла да бағала

Көкше көлдің теріскейінде тербелген Балқаш қай уақытта болмасын еңбек бақытына бөленген жандар мен мыс бұлағын ағызған металлургтер қаласының қала күніне орай «Гүлстан» журналының РR-менеджері, Республикалық «Гүлзар» қоғамдық бірлестігінің директоры,өсімдіктер әлемі оқу- әдістемелік кешенінің жауапты редакторы Қабдолданова Батима Әскербекқызы және Алматы облысы, Талғар ауданы №35 мектеп гимназиясының биология пәнінің мұғалімі, қамқоршылық кеңесінің төрайымы, зейнеткер Нұхаева Шарбану мектебімізде болып қайтты. Табиғаттағы өсімдіктер әлемін сақтау, көгалдандыру мәдениетін дамыту және жасөспірімнің қоршаған ортаға сүйіспеншілігін арттыру мақсатында 2009 жылдан бастап мектебіміз Республикалық ғылыми-танымдық, көпшілік «Гүлстан» журналы және "Гүлзар" қоғамдық бірлестігімен тығыз байланыста жұмыс жасауда.......
Шығармалар
Толық

Ертеңге - Елбасымен

«Ер- ел тірегі» деген қанатты сөздер бар. Айтса, айтқандай-ау!.. Бейбіт күнде дүйім халықтың ішер ас, киер киімін қамдау сияқты материалдық сұраныстарынан бастап, олардың тамырын тереңге тартар рухани қажеттіліктерін де орнына келтіре білген, ал қиын-қыстау замандарда түтеген борандардың өтіне шығып, еліне ықтасын бола білген қаншама ардақты ата-бабаларымыздың есімдері тарихта қалды десеңізші. Сөйтсек, тұтас әлемге тұтқа болған сол бір пәруана жандар ең әуелі өз Отанының мызғымас тірегіне айнала білген екен ғой. Ақтығында біздің батырларымыздың көзінің тірісінде, қайта құру дәуірінің бізге берген бақыты- Азаттық, Еркіндік, Егемендік тұсында тағы да сол халық ортасынан тағы бір азамат шығарды. Ол-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. ......
Шығармалар
Толық

Елбасы – ел мақтанышы

1940 жылдың 6 шілдесінде қарапайым қазақ отбасында, бір перзентке зар болып, әулие - әмбиені аралап, құдайдан бала сұраған Әбіш пен Әлжанның шаңырағын шаттыққа толтырған періште сәби бүгінде еңселі елді басқарып, Ұлы адам боларын кім білген? Ауыртпалығы мен қиыншылығы мол сұм соғыспен тұспа – тұс келген балалық шақтың да қызығы аз болғаны белгілі. Тумысында ерекше жаратылған ұлы тұлғаның болмысы бөлек. Ерекше зейіні мен қабілеті, көрегендігі мен еңбекқорлығы – тамырын тереңге жайған бәйтеректей қазақ елін барша әлемге мойындатты. Елбасы халық арасынан шықты. Себебі ол халықтың өз қанынан жаралған бір бөлшегі және қазір де солай. Және де ол кісі қазақ жерінде туған ең дара азаматтарының бірі де бірегейі.
Қазақ халқы: «Әкеден — ақыл, анадан — мейір» демей ме. Елбасының жақсы азамат болып қалыптасуына ата – анасының қосқан үлесі шексіз.......
Шығармалар
Толық

Ұлттық патриотизм – елдікті сақтап қалудың негізі

Қазақ халқының сан ғасырларға созылған ұлт - азаттық күресінің нәтижесі – тәуелсіз мемлекетіміздің құрылуы. Осы жолдағы ұлы белестерде, қиын-қыстау асуларда бабаларымыз кемеңгер ақылы мен ержүрек батырлығын көрсетіп, ұлан байтақ жерімізді найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғап, біздерге мирас етті. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың сөзімен айтсақ: “Біз бүгінгі бейбіт тірлігіміз үшін , Қазақстан деп аталатын Республиканың жер бетінде барлығы үшін, тарихтың әр тұсында осы елді, осы жерді қорғаған қайсар жандардың аруағының алдында қашан да қарыздармыз”.......
Шығармалар
Толық

Патриоттық сезім- ана тілінің негізінде қалыптаспақ!

Біз – тарих пен тағдырдың бұралаңы көп жолдар мен ғасырларға созылған ұзақ уақыттағы қиыншылықтардың барлығын басымыздан өткеріп , көріп келген елміз. Бүгінгі күні тәуелсіздікке қолы жеткен егеменді елміз! Бұл бізде онайлықпен келген жок. Бізге берген құдайдың бағы да емес,сыйы да емес. Ата –бабамыздың ұрпағым,елім, жерім деп армандап өткен сол үшін талай тер төгіп , талай қан төгіп мың өліп,мың тіріліп жүріп өзім жетпесем де ұрпағым жетсе екен деп армандап өткен еңбегінің жемісі. Мұны осы жиырма екі жыл ішінде есті адам есіне алып түсінетін тарихи даму жолы. ......
Шығармалар
Толық