Өлең: Гүл-гүл жайна (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Гүл-гүл жайна (Қазақ ауыз әдебиеті)

Гүл-гүл жайна, күл де ойна
Қыз-бозбала шағыңда.

Өте шығар дүние қас қағымда,
Ойнап, күлген жарасар жас шағыңда-ай.
Орамыңның барында ойна да күл,
Тұра бермес бұл жастық баяғыдай-ай.....
Читать в полной версии ➜

Өлең: Әгугай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Әгугай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ортамызда Төлеген тұрды жорға, ахау,
Сүрінбей ме, боз жорға қазған орға, әгугай, әгугай.
Қыз-Жібекті ойласаң нең кетеді, ахау,
Орамалы тұрады бес жүз жорға, әгугай,әгугай.

А-а-ай,
Айың тусын оңыңнан.
Жұлдызың тусын соңыңнан.
Хабарсыз кетсең тым ұзақ,
Сансызбай шығар соңыңнан.....
Читать в полной версии ➜

Өлең: Қалқатайдың дауысы-ай! (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Қалқатайдың дауысы-ай! (Қазақ ауыз әдебиеті)

Аралаймын аулыңды тарланменен,
Қарамайсың қасыңа барғанменен.
Ойнамаймын, күлмейін десем дағы, ахау,
Өтіп барады жас дәурен арманменен.

Қайырмасы:
Тайбурылдың шабысы-ай,
Сәйгүліктің дабысы-ай
Көкейімнен кетпейді-ай,
Қалқатайдың дауысы-ай.....
Читать в полной версии ➜

Өлең: Угай-угай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Угай-угай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ай қараңғы аспанда түн емес пе, угай-ай,
Жақсы әйелдер өмірде гүл емес пе, угай-ай.
Қыздар гүл-гүл болғанда, жігіт бұлбұл, угай-ай,
Бұлбұл қонып гүліне түнемес пе, угай-ай.

Угай-угай - әніміз,
Арпа, бидай дәніміз.
Угай-ай деп ән салсаң,
Келіспей ме сәніміз.....
Читать в полной версии ➜

Өлең: Өтірік өлең (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Өтірік өлең (Қазақ ауыз әдебиеті)

Басында керегенің үрген қарын,
Көтердім жалғыз өзім соның бәрін.
Жүк қылып қара нарға артып едім,
Орнынан тұра алмады жануарым.

Басына қарағайдың көл тұрыпты,
Айтпаймын айт десеңде өтірікті.
Айтайын өтірікті ебін тауып,
Қан қылды бір санымды тышқан қауып. ....
Читать в полной версии ➜

Өлең: Балам, зерделі, дана бол (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Балам, зерделі, дана бол (Қазақ ауыз әдебиеті)

Балам, зерделі, дана бол,
Адасқанға пана бол!
Ісіңе ақылың серік болсын,
Жүзің ыңғай ашық болсын.
Лебізіңе жұрт ғашық болсын,
Жүрегің Құдай сөзіне ашық болсын!
Әкеңнің жіберген кемтігі толсын,
Қасыңнан азғырушы қашық болсын!
Қиындық көрсең, мұңайма,
Ауырлық көрсең, жұқарма. ....
Читать в полной версии ➜

Өлең: Жарамазан (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Жарамазан (Қазақ ауыз әдебиеті)

Пайғамбар айтып өткен жарамазан,
Оразаң қабыл болсын, байекежан!
Мінгені Пайғамбардың есек деген,
Қолында жұдырықтай кесек екен.
Осы үйде бір көкем бар Құдай сүйген,
Қайыры ол көкемнің жұртқа тиген.
Меккеде бір ағаш бар басы қара,
Құдайым ұғыл берсін қасы қара,
Жатасың бауырыңа басып қана.
Өтіпті бай Қарынбай малға тоймай,....
Читать в полной версии ➜

Өлең: Көрімдік (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Көрімдік (Қазақ ауыз әдебиеті)

Төрде отырған сыпыра
Жастары үлкен ағалар.
Айттырмай сөзді білетін,
Ақылға артық даналар.
Сіздерге де қуаныш,
Жастары кіші балалар.
Келінді көрген адамнан,
Көрімдік деп мал алар.
Беретінін әр кісі,
Өз үйінде шамалар.
Келініңіз құры емес,
Отқа салып әкелген,
Нәрселері тағы бар.
Көңілі жақсы ағайын
Ашып беріп құттықтап,
Қалағанын және алар.
Алғанменен бергенді,
Көре алмаған ағайын
Сыртынан сөз ғып табалар.
Төрде отырған сыпыра,
Ханы менен падиша,
Келін келді көріңіз....
Читать в полной версии ➜

Өлең: Құтты болсын шаңырақ (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Құтты болсын шаңырақ (Қазақ ауыз әдебиеті)

Құтты болсын шаңырақ,
Пана болсын жалғыз Xақ!
Қосағыңмен қоса ағар,
Өмірлерің болсын шат.
Адал жанға бақ қонар,
Еш адамды көрме жат!
Берер батам келінге,
Сүйкімді бол еліңе.
Ата-енеңді құрметте,
Қияңқы пейіл дегізбе!
Айтар сөзім балаға,
Ұмытпай сақта санаңа.....
Читать в полной версии ➜

Өлең: Қисса Таһир (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Қисса Таһир (Қазақ ауыз әдебиеті)

Құдайға сиынайын әуелiнде,
Аз қисса сөз жазайын қағазында.
Қалам алып Құдайға сиынайын,
Сөз тапса жазар шағым осы күнде.
Қалам алып жазайын қисса сөздi,
Жазған жан ғарiптiкпен жаһан кездi.
Ойласам ақыл жетпес ой түбiне,
Құдайым есен қылсын баршамызды.
Бұрынғы әдiл өткен халифалар,
Әдiл патша бейiштен орын алар.
Жақсы өткен дүниеде, жаман өткен,
Жақсының өзi өлсе аты қалар.
Ғарiптер қисса оқыса, бiледi хат,
Қалам алып жазайын аз қисса хат.
Һарон Рашид өтiптi бiр халифа,
Құдайым оған берген көп салтанат.
Һарон Рашид халифа салтанатты,
Бiр уәзiрi бар екен Фазыл атты.....
Читать в полной версии ➜

Өлең: Жігіт пен қыздың жұмбақ айтысы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Жігіт пен қыздың жұмбақ айтысы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Жігіттің жұмбағы:
Тағы да отырмын мен жұмбақ ойлап,
Дүлдүлді сахараға қойдым байлап.
Басында бұлбұл отыр үйдің сайрап,
Бір гауһар қойнында тұрар жайнап.
Дарияның жағасында құрағы бар,
Жел тисе жанып кетер өрттей қаулап.
Азар білгіш болсаң да бір сасарсың,
Тауып бер жұмбағымның бәрін ойлап.

Қыздың шешуі:
Болғанда – ақыл дария, кеудең – дүлдүл,
Басында сайрап тұрған тілің бұлбұл.
Қойныңнан шыққан гауһар – екі көзің,
Соққан жел дауылдатып айтқан сөзің.
Дарияның жанып кеткен құрақтары,....
Читать в полной версии ➜

Өлең: Орқа — Күлше (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Орқа — Күлше (Қазақ ауыз әдебиеті)

Арабтың бiр қаласы шаһар Бағдат,
Өткенi талай ғасыр, бұл ақиқат.
Халқында Нәби Шайбан бiр туысқан,
Дос болды ақыреттiк екi адамзат.
Бекiлген қияметтiк достық шарты,
Бiрi — Қамам, бiрiнiң Қалел аты.
Жан қиған екеуiнiң достығына,
Таң қалды Нәби Шайбан барлық халқы.
Екеуi екi қышлаққа әкiм болған,
Жүргiзген әдiлдiкпен үкiм қолдан.
Перзентсiз елу жасқа келдi екеуi,
Болмады еш перзентi қыз бен ұлдан.
Әйелi екеуiнiң жүктi болып,
Уақтылы тоғыз ай мен он күн толып,
Қамамның әйелiнен ұғыл туды,
Қалелдiң әйелiнен бiр қыз туып.
Қыздан ұл бұрын туды алты сағат,
Дүниеге келiп қалды екi бекзат.
Той жасап қыздың атын Күлше қойып,
Балаға Орақа* деп қойылды ат. ....
Читать в полной версии ➜

Өлең: Жетім көдек (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Жетім көдек (Қазақ ауыз әдебиеті)

Қолыма қалам алдым хат жазғалы,
Бiрталай заман болды халық озғалы.
Жақсылар, құлақ салып тыңдасаңыз,
Дейтұғын жетiм көдек сөз қозғалы.
Ертеде бiр шал болған Түркiстанда,
Бейшара қасiретпен өткен онда.
Екi ұлы қолқабысар жас едi әлi,
Күн кешiп жарлылықпен, болған кемда.
Жарлы шал жүрушi едi жусан шауып,
Байғұстың кемтарлықпен көңлi ауып.
Жусанды әдетiнше шауып жүрiп,
Ол жерден бiр жұмыртқа алды тауып.
Шалда бар адал малдан жалғыз түйе,
Оған да жарлылықпен болған ие.
Қолымнан бұл шыққанда болмайды деп,
Жанындай сақтар едi оны сүйе.
Бiр күнi жусан артып базар кеттi,
Көрiңiз онда болған ғадалеттi.
Алдынан қарсы шығып бiр бай жөйiт оған:....
Читать в полной версии ➜

Өлең: Қисса Зейне Зайуб (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Қисса Зейне Зайуб (Қазақ ауыз әдебиеті)

Қолыма қалам алдым хат жазғалы,
Бiрталай заман болды жұрт азғалы.
Бүгiн көрген таңда жоқ болып жатыр,
Азырақ хикаят қылып сөз қозғалы.
Қор болмас күнәһлi iстен пенде қашса,
Адамнан ақыл кетер қарны ашса.
Ғалам деген падишаның заманында
Болыпты дәулетi асқан бiр байбатша.
Нәсiпке Құдай берген кiмдер тасқан,
Пенде иман сақтаса құп жарасқан.
Ғалам деген падишаның заманында
Бiр байбатша болыпты дәулетi асқан.
Жiгiттiң жиырма бес деген шағы,
Сөйлейдi бұлбұл адам тiл мен жағы.
Шаһарында оған жетер жан болмады,
Тәңiрi о да болса берген бағы.
Патшаның әдiл екен жұртқа сөзi,
Халқына жағады екен һәр мiнезi.....
Читать в полной версии ➜

Өлең: Ғаяр қатын (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Ғаяр қатын (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ертегi ертедегi кәрi күйге,
Жiбiне сабақталып отыр ине.
Бетiңнiң бедерiне жұқпалы екен,
Опалап жаға берсең, шiркiн дүние!
Ертектiң ертегiсiн құрайын да,
Шықпаса елден құрақ сұрайын да.
Дастанбай деген кiсi бай боп өткен,
Туысы Түркiстанның кiрайында.
Дейдi екен қошаметпен әркiм «Дастан»,
Түркiстан қаласынан байлығы асқан.
Қайыры қарындасқа мол кiсi екен,
Әркiмге қарайласып қажет ашқан.
Байлықпен сегiз күмет үй салдырған,
Төбесi көк қаңылтыр, көз талдырған.
Алтыннан босағасын әшекейлеп,
Iшiне асыл тартып от жандырған.....
Читать в полной версии ➜

Өлең: Сыршы молда (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Сыршы молда (Қазақ ауыз әдебиеті)

Қолыма қалам алдым жұма күнi,
Жазып тамам әйладым күн мен түнi.
Мұсаның заманында бiр падиша
Болыпты, әлеуметтер, тыңла мұны.
Өзi патша уа және қазынасы көп,
Бұл дүния мақсұтына көңiлi тоқ.
Сексенге келген бар-дүр оның жасы,
Арманы бiр-ақ оның — перзентi жоқ.
Падиша перзент үшiн жедi уайым,
Әзелде жазбаған-дүр бiр Құдайым.
«Бiр Алла маған перзент берер ме?» — деп,
Падиша үмiт етер жыл-жыл сайын.
Сексенге келдi патша, әлi үмiтте,
Құдайым рахман ерүр һәр үмiтке.
Мұсаның бiр күн патша жолын тосты,
«Бiр дауа бола ма, — деп, — iшкi дертке».
Айтады: — Раббым менi патша қылды,
Һәм өзi жарылқағай бiздей құлды.
Құданың дәргаһына жеткiз, тақсыр,....
Читать в полной версии ➜

Өлең: Қазақ шежіресі (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Қазақ шежіресі (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ал ұста, Әлмағамбет, қолға қалам,
Денсаулық, берсін қуат, Хақ Тағалам!
Артыңа аз да болса, бір сөз қалдыр,
Бір нұсқа шежіре сөз, келсе шамаң.
Жаз жинап, тарихтан көргеніңді,
Есітіп, бұл туралы білгеніңді.
Кейінгі жас буындар шамаласын,
Сенің де не кәсіпте жүргеніңді.
Жазып көр, атаң қазақ шежіресін,
Сірә, сен бұл туралы не білесің?
Бастап бер, білімпаздар өзі өңдер,
Несіне ойға қалып, кідіресің?!
Хадис—Хақ расулдың жанған шамы,
Түсініп, татқандарға тәтті дәмі.
Бұйырды «Әлім Құда әл сәбихум
Тиғл әл файс бүгіттамай»*....
Читать в полной версии ➜

Өлең: Аги, қалқаш, Қазиза-ай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Аги, қалқаш, Қазиза-ай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Дайым менің мінгенім мұз көк ала-ай,
Сала алмас осы әнге өзге бала, аги-гай.
Қыл өтпес арамыздан тату едік-ай,
Арадағы айрылдық сөзге бола, аги-гай.

Қайырмасы:
Аги-аги-аги-гай,
Аги, қалқаш, Қазиза-ай.....
Читать в полной версии ➜

Өлең: Түрік тайпалары және қазақ үйсіндері (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Түрік тайпалары және қазақ үйсіндері (Қазақ ауыз әдебиеті)

Жазуға түрік нәсілі алдым қолға,
Жәрдем ет, Жаратушы, өзің оңла.
Патшасы патшалардың бір өзіңсің
Сала гөр, қате кетсем, тура жолға.
Барша әлем қолыңызда жанды-жансыз,
Күнбатыс әм күншығыс, оң мен сол да.
Бір зат жоқ әміріңе бағынбайтын
Хан менен ханзадалар, алтын орда.
Жараттың жоқтан жасап барша әлемді,
Адамзат хайуан, малды баққан қолда.
Әр заттың өзіне лайық нәсіп бердің
Мақұлық әм жәндік, тірі жанға.
Шашылған несібесін теріп жеп жүр,
Бірі ойдан, сахарадан, бірі қырда.
Лайық бағзыларын жазалайсың,
Батырып құтылмастай қалың сорға.
Келмейтін сенің күшің ешбір зат жоқ,....
Читать в полной версии ➜

Өлең: Агаги, Қалқаш (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Агаги, Қалқаш (Қазақ ауыз әдебиеті)

Қиылған құндыз кірпік, қолаң шашты,
Көргенде туған асыл қарындасты,
Ойымда тоқсан түрлі толқын туып,
Көңілден мазам кетіп, ұйқым қашты.
Агаги, қалқаш, ага ги-гай!

Жіңішке бітер айдай сұлу қабақ,
Ақ сүттей толықсыған уыз тамақ.
Шыдасын қалай ғана, шіркін, көңіл,....
Читать в полной версии ➜

Өлең: Абайкөк (6 ­нұсқа) (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Абайкөк (6 ­нұсқа) (Қазақ ауыз әдебиеті)

Қарағым, айналайын, мінезіңнен-әй, Абайкөк!
Келмесең шақырғанда, кінә өзіңнен,
Әй, бір көрсем сені, арманым жоқ!

Толғатып тоқсан әйел ұл тапса да, Абайкөк.
Садақа соның бәрі бір өзіңнен,
Әй, бір көрсем сені, арман жоқ!....
Читать в полной версии ➜

Өлең: Абайкөк (5 ­нұсқа) (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Абайкөк (5 ­нұсқа) (Қазақ ауыз әдебиеті)

Сылаң қаққан сипатын көрмегендей, Абайкөк,
Денесі мен мүсіні сөйлегендей, ай-ай деп.
Сұлу сымбат жайдары балбыраған, Абайкөк,
Еш адамға көз қиып бермегендей, ай-ай деп.

Қайырмасы:
Бар тілеуім көңілімдегі
Жалғыз ғана сіз-ай деп.
Ойдан өмір кетпейтұғын
Сіздің ақша жүз-ай деп.....
Читать в полной версии ➜

Өлең: Өтірік өлең (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Өтірік өлең (Қазақ ауыз әдебиеті)

Баласы қасқа айғырды өлтіріпті,
Құдайым айтқызбасын өтірікті.
Мың кісі бір тышқанға міңгесіпті,
Бәрін де тура тасқа тышқан өлтіріпті.

Міндім де осырақ қоңыз аяңдадым,
Аяңдап сол аяғыммен қоян алдым.
Қоянның бір әйдігін көрдім сонда,
Көтеріп қоңызыма қоя алмадым.....
Читать в полной версии ➜

Өлең: Жыл нәзіріндегі жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Жыл нәзіріндегі жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ас беру парыз екен мұсылманға,
Дауыс айтып мұң шағып сояр малға.
Өлгенге иман, тіріге бақыт бер деп,
Сиынып қол жаятын мұсылманға.
Жылайын асқа сояр осы малға,
Өлгенге иман, тіріге бақ бер, Алла!
Ас беріп,құран оқып,тілеу тілеп,
Жаратқан! Бұдан басқа шаруа бар ма?!
Көлдетіп төктім көз жасымды,
Белгі етіп қойдым тасыңды.
Жазар ма, Алла, сауапқа,
Арнап бір берген асыңды.
Жыл өтті жүрмін қамығып,
Қайғының тонын жамылып. ....
Читать в полной версии ➜

Өлең: Марқұмның жылдығында айтылған жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Марқұмның жылдығында айтылған жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Жетім-жесір атану
Лайық па еді біздерге?!
Жыл айналды келмеді,
Болмады күдер үзбеуге.
Із-тозы жоқ жоғалттық,
Дәрменім жоқ іздерге.
Көкірек толған қайғы-шер,
Төгейін, ел-жұрт, сіздерге.
Айтайын, жұртым, ойымды,
Болса сөзім орынды.
Сабазымдай пана боп,
Кім түзер оң мен солымды.
Аяулы қайран сабазым,
Аруағыңа табынам.
Көңілім менің алаң-ды,
Өмірде сенің жоғыңнан.
Қасиетіңді адамдық
Өмір бойы сағынам.
Құдайға бәрін тапсырдым,
Не келеді қолымнан!
Өзің жоқсың ақылшы,
Күн үшін кімге жалынам. ....
Читать в полной версии ➜

Өлең: Тұлданған киімге қарап жылау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Тұлданған киімге қарап жылау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өрнегін өрген іздеп пендемін, ашып көмбеген,
Жылады деп сөкпе, жұрт, иесі кетті төрдегі.
Жасым тоқсанға келді, жылайын, сөксең де, халқым,
Бұрынғы заман маған жоқ, арпаға бидай ексең де!

Жылқы ішінде алады алаға тоқым салады.
Жылады деп сөкпе, жұрт, отырмын жетім баладай. ....
Читать в полной версии ➜

Өлең: Атқа көрісу (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Атқа көрісу (Қазақ ауыз әдебиеті)

Тайынан мініп қара атты,
Бәйге етіп баптап жаратты.
Тоғыз жыл тынбай жүгіртіп,
Минутын елге санатты.
Іле, Нылқы, Күнестің
Дүлдүлі болды қанатты.
Найзағайдай топ жарып,
Жұртты өзіне қаратты.
Иемдендің тұлпар деп,
Тай күнінде жасында,
Пырағың болсын бақида,
Сойып берем асыңа.....
Читать в полной версии ➜

Өлең: Ерінің жыл асын беру жиынында айтқан жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Ерінің жыл асын беру жиынында айтқан жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ұстаздар соққан күбідей,
Төрт қырлы алмас жебедей.
Қатарының ішінде
Қадірлі кісі атанды,

Аударылған кемедей.
Үйімнің сынды тұлғасы,
Елде қалды құрдасы,
Төсекте қалды жолдасы.....
Читать в полной версии ➜

Өлең: Айт күнгі мерекеде айтылған жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Айт күнгі мерекеде айтылған жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Пенденің Алла панасы,
Өлімге кімнің шарасы?
Жастықпен ешкім білмейді,
Артында қалған баласы.
Өз еркімен кетіп пе?
Шақыртқан шығар бабасы.
Ай қасында сұлтаным,
Таң қасында шолпаным.
Есікке сыймас жоталым
Көрге бір қайтіп сыйды екен!
Көмуге барған халқымның
Көзі бір неғып қиды екен!
Бұл күндері майырылып,
Бас киімнен айырылып.
Өлейін десем өле алмай,
Бұрынғыдай жүре алмай,....
Читать в полной версии ➜

Өлең: Әкеге арналған «Теріс өлең» (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Әкеге арналған «Теріс өлең» (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ақ киіктен жүйрік жоқ,
Әлемнен асқан жүйріктің
Аяғын басқан міні жоқ.
Жайнап бір жүрген жан әкем,
Ұзын судың бойында,
Киімі жатыр, өзі жоқ.
Бір ауыз айтқан сөзі жоқ.
Жапанда жортқан бір түлкі,
Желігіп шықты сонарға.
Қапияда тап келді,
Ұзын бір судың бойында,
Жақсының жанын аларға.
Алыстан қара көрінер,
Жүйрік бір жетер бүгіліп.
Тоқсан күн, үш ай дегенде,
Елі бір қара жиылып,
Қара бір судың бойында,....
Читать в полной версии ➜