Қандай бақыттысыз!

Ол — өте әдемі, әрі пысық келіншек еді. Алайда, осыдан бірнеше ай бұрын — жол апаты салдарынан, өмір бойы көзі көрмейтін зағипқа айналды. Операциядан соң, әйелінің соқыр болып қалғанын естіген күйеуі «— Оны ешқашан тастамаймын. Аяғына дейін қолдау көрсетемін» деп, өзіне сөз берді. «— Күйеуіме жүк болдым. Ауыртпалық салдым» деп, ойлай ойлай, әйелінің денсаулығы нашарлай түсті. Ал күйеуі болса, әйелін тез арада депрессиядан шығару керектігін ойлап, психолог мамандардың көмегіне жүгінді. Өйткені, жас әйел күннен күнге өзімен-өзі болып, ешкіммен сөйлескісі келмейтін. Ешқайда шыққысы келмейтін тұйық мінезді болып кетті. «— Әйеліме қалай көмектессем екен?» деп, жолдасы көп ойланды. Ақыры ескі жұмысы есіне түсіп, әйелінің тез арада жұмысқа кіруіне көмектеспек болады. Бірақ, сәл нәрсеге ренжіп қалатын, тез жылап қалатын, үйде көңілсіз отырғысы келетін әйеліне — оны қалай айтсын?!

Бір күні бар батылдығын жиып, енді әйелінің де жұмыс істеу керектігін айтады. Әйелінің үрейі ұшады.

— Мен соқырмын, білмеп пе едің!? Қалай жұмыс істей алады дейсің? — деп қатты ашуланады. Жолдасы оған қолғабыс болатынын, таңертең жұмысқа апарып, кешкісін жұмыстан өзі алып кететінін айтады. Әйел үмітсіздікпен келіседі. Өйткені, күйеуін жақсы көретін және оны ренжіткісі келмейтін. Осылай жұмысқа бірге барып, жұмыстан бірге қайтып жүрді. Көңіл күйі жақсара бастаса да, бұрыңғыдай әлі ашық, жарқын емес-ті. Күйеуі де осыны жақсы білетін. Бір күні:.....
Махаббат хикаялары
Толық