Қазақша өлең: Жұмекен Нәжімеденов (Мизам)

Қазақша өлең: Жұмекен Нәжімеденов (Мизам)

Күні кеше көктем еді, япыр-ау,
ұзақ күндер өтпеп еді, япыр-ау.
Мұнша жылдам жапырақ қалай сарғайды,
Соған түскен секілді –
айтуға ауыз бармайды –
дүниедегі барлық азап, бар қайғы.
Кеше ғана жасыл талдар
бір індет
ұрған сынды дірілдеп тұр, дірілдеп.
Мезгіл, сенің қызметшің.....
Подробнее

Қазақша өлең: Жұмекен Нәжімеденов (Ұстаз)

Қазақша өлең: Жұмекен Нәжімеденов (Ұстаз)

Мұз жамылып жатпасын деп қыста мен —
жылы жел боп маңдайымнан сүйіп ең.
Бір ғажайып құзар-шыңды нұсқап ең,
Өзіміздің Алатаудай биік ол...

Сен бір үлкен өзен едің мол сулы,
толқыныңның жалы жатыр.....
Подробнее

Қазақша өлең: Жұмекен Нәжімеденов (Тау баурайында)

Қазақша өлең: Жұмекен Нәжімеденов (Тау баурайында)

Жасыл-жасыл жағалай жал,
Жағалай жал, саған айтам!
Жылан қабық шұбар шыңдар,
Сендер де тас шығарсыңдар?
Содан да даңқ-атақ үшін
құр шіреніп жатамысың?
Шұбар шыңдар!
Жағалай тал, жағалай.....
Подробнее

Өлең: Жұмекен Нәжімеденов (Менің елім)

Өлең: Жұмекен Нәжімеденов (Менің елім)

Көкірегімнің үміті мен тілегі
Күй боп түлеп, күн боп шығып күледі.
Күн астында көк төбелер түледі —
Менің елім, менің елім — гүл елі!

Айтпағым бір ағыл-тегіл сыр еді —
Шежіреңе ол өлең.....
Подробнее

Қазақша өлең: Жұмекен Нәжімеденов (Қошалақ)

Қазақша өлең: Жұмекен Нәжімеденов (Қошалақ)

Жатырмысың, самалды сай, сырлы алап,
жусаныңнан сынап-шықтар сырғанап.
Құм-шағылдан өсіп шыққан шоқыңа,
жолаушыдай өте алмадым бір қарап.

Жыңғылыңды көлеңкелеп көз ілдім,
көз ілдім мен төсегінде.....
Подробнее

Қазақша өлең: Жұмекен Нәжімеденов (Балауса)

Қазақша өлең: Жұмекен Нәжімеденов (Балауса)

Жатыр жақпар... Қарағайды аралайды жел ескен,
Жапырақтар, жапырақтар сыбыр-сыбыр кеңескен.
Тау сулары таусылмады, сыңсып тұрып ағады,
Қыз толқындар бірін-бірі шымшып күліп барады,
Айдалада ақбоз мінген Алатау бір ақ батыр,
Айналада тал-қайыңдар, тал-қайыңдар сапта тұр.
Қызыл гүлдер "үзілдік дер" баяула жел, баяула,
Қызыл гүлдер, қызыл гүлдер ұйқыда ма, ояу ма?
Бар табиғат — бір тіршілік.....
Подробнее

Қазақша өлең: Жұмекен Нәжімеденов (Махаббат пен сұлулыққа сенгелі....)

Қазақша өлең: Жұмекен Нәжімеденов (Махаббат пен сұлулыққа сенгелі....)

Махаббат пен сұлулыққа сенгелі
алғаш тапқан сұлуымсың сен менің.
Сенде бірақ тіршілік жоқ,
ең абзал
қуыршақсың қиып тіккен қағаздан.

Қағазым мен қаламыма сенгелі
ойлап тапқан сұлуымсың.....
Подробнее

Қазақша өлең: Жұмекен Нәжімеденов (Екі үйіміз болғанмен бірге өсіп ек екеуміз)

Қазақша өлең: Жұмекен Нәжімеденов (Екі үйіміз болғанмен бірге өсіп ек екеуміз)

Екі үйіміз болғанмен бірге өсіп ек екеуміз,
екі қамшы ап бір тайға мінгесіп ек екеуміз.
Ертегіден естіген «дәу перінің» күшімен,
бір кеуделі,— ойнаушы ек — екі басты кісі боп.

Екі басты кісі боп бітіріп ек мектепті,
қуа-қуа тірлікті жеті басты боп кеттік.
Кітап жиып қалада....
Подробнее