Жұмағали Саин (Сені мен мен)

Сыртың сенің жылтырар, ішің мұздап,
Сөз айтасың әркімге сен жалғыздап.
Бітеу жара секілді тырс-тырс етіп,
Жұмбақ денең тұрады әр күн сыздап,
Сен күлмейсің өмірде кеудең жарып,
Өз үйіңе қайтпайсың соны із салып,
Ескі заман шырмауық соқпағымен,
Әлденені іздейсің панар жағып.
Өзің шешен көрініп, өзің мұнар,
Баяғыдан келесің сен қу бас шал,
Сатылған ар, сарғайған санаң сенің,
Сайқал әйел секілді мінезің бар......
Өлеңдер
Толық