Ел болашағы - Жастар

Тарих шабысында «Кеше», «Бүгін», және «Ертең" деп аталатын үш ұлы ұғым бар. Бұл үш ұғым бір-бірінен ажырағыссыз, кей мезеттерде бөлек -бөлек, тағы бір мезетте біртұтас ғұмыр кешіп, тағылым мен танымның, парасат пен пайымның тұнығынан адамзат баласының шөлін қандырып отырады. Еліміз Тәуелсіздікке қол жеткізіп, бүгінгі күннің биігіне көз салған жылдардан осы ұлы қағидат, осы үш ұғым бірден көзге шалынады. Өткенге көз жүгіртетін болсақ, осыдан 20 жыл бұрынғы Қазақстанды көз алдымызға елестетсек, ең алдымен аумалы-төкпелі экономика, саяси белсіздік, сансыратқан....

Шығармалар
Толық

"Ел ертеңі – білімді жастар” сайысы

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының қалыптасу барысында жастарды жаңа қазақстандық патриотизм рухында тірбиелеудің тиімді жүйесі мен құрылымы жасалып, іске қосылды.

   Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында айтылғандай, біз өз отанымыз – Қазақ елі мен оның байырғы халқы – қазақ халқын, басқа өркениетті елдермен салыстыра отырып, тарих толқынында үздіксіз дамып келе жатқан өркениет ретінде қарастыруымыз керек.

Презентациялар
Толық

Жастарға бата

Ақыл айттым, ұл – қызым, ұрпағыма арнадым,
Берекеге шақырам, байқарсың сөздің салмағын.
Туысқанмен ақылдас, бос қайтпасын қармағың,
«Ене көрген – тон пішер» деген сөзді жалғадым.
Жақсы ойланып, жастарым....

Баталар
Толық

Астана - жастар каласы

Астана – Қазақ елі болашағының каласы. Мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Еліміздің көгілдір туы желбіреген тәуелсіздігіміздің ордасы. Жаңа Астанамыздың құрылысы - жас мемлекетіміздің жасампаздықка ұмтылысының, бүкіл қоғамымыздың жаңаруының ерекше символына айналған кұбылыс. Ғасырлар бойғы бабалар арманын іске асырып, бас-аяғы төрт-бес жыл да Астана салған мемлекет тарихта болған емес. Адамзат тарихында астанасын жаңғыртқан....

Шығармалар
Толық

Алты жыл бойы сынақтан өткен маманды ақша бермегені үшін жұмысқа алмай қойды

Елімізде жылдан жылға жоғары оқу орнын бітіріп, қайда «тетік тауып қаланарын» білмей жүрген жастар көбейіп барады. Біреулер оған себеп жұмыс орындарының тапшылығы десе, енді бірі жастардың жалқау болып бара жатқанын тілге тиек етеді. Қалай десек те, бүкіл қоғамды жайлаған парақорлық пен тамыр-таныстық нағыз мамандардың жұмыссыз қалуына себеп болып отырғанын айтқан жөн.

Жаңалықтар
Толық

Қазіргі қазақ қыздары қандай, барлығы да әдепті, инабатты ма?

Қазіргі қазақ қыздары қандай, барлығы да әдепті, инабатты ма?Қазіргі ұрпақ ұлттық сипаты, рухани құндылығы жоқ «Батыстың» тәлім-тәрбиесін қомағайлана жұтады. «Батыс» демекші, технология әлемін, теледидар беттерін жаулаған рухани құндылыққа зәру жарнамалық дүниелері-бейне бір жер шарындағы ірге тасынан өз тілі, діні, ұлттық мәдениеті бар елдермен күреске түскендей. Осы орайда «Батыс мәдениетін» дүние жүзіне таралған жайылмалы дертті ісік екенін мойындағандай боласың. Мәселен: парасатты, кішіпейіл, сыпайы тағы басқа ибалық мінездердің бәрін иманды қаракөз қыздарымыздың арасында сақтаулы. Өкінішке орай, біреуден көргенімізді қайталап істеу керек болып тұрады.

Артымызда өсіп келе жатқан сіңілілеріміздің өзі есепшіл, өркөкірек, сезімге сенбей «ақшаға» ғана сенетіндер қатары көбеюде. Тәрбиені ата-анасына емес, теледидар, компьютерден алып келе жатқан жастар буыны қалыптасып келеді. Кейбір ата-ананың баласымен араласуға да уақыты жоқ. Осыдан барып бала әке-шешесінен суып, оларға деген сыйластықтан мүлдем қалады. Бала кезінен жылылық мейірімді көрмеген адам баласы қатыгездікпен өседі. Жүрегін бойлаған суық ызғардың өшін өзгелерден алатын жандар болады.
Сондықтан бұл да ата-ананың жылылығы, жақындығы жастар тәрбиесіне әсерін тигізеді. Қазір, жасыратын не бар, бұрын дәстүрімізде болмаған сүреңсіз жағдайлар бой көрсетуде. Қаладағы қазақ қыздарының көбі бір-бірімен орысша сөйлеседі. Өз ұлтының тілінде сөйлеуге талпынбайтыны өз алдына, кейбіреулері тіптен оны намыс көреді. Күнделікті өмірдегі көріністерге бір сәт назар аударайықшы. Мектеп қабырғасында жүрген бірсыпыра қыздарымыз жарассын-жараспасын денелерін жартылай жалаңаш көрсететін киімдер киіп, қымбат әшекейлер, алтын тағып, бет-ауыздарын бояп, өздерінің инабаттылығы мен сыпайылығынан, жастық жарасымдылығынан айырылады.
Табиғаттың өзі жан дүниесін сұлу, нәзік, мейірбан.....

kz
Толық