Жаңа жыл туралы суреттер

Жаңа жыл суреттері. Жақындарыңызға арнап құттықтау сөзі жазылған суреттерді ұсынамыз.

Жұмысыңызға, плакатқа, баннерге арналған әдемі суреттер жарияланды.

Суреттер
Толық

Жаңа жыл тілектер мен құттықтаулар

Жаңа жыл! Жаңа күн! Жаңа өмір! Бұл күн тіршіліктің барлық иелеріне жаңа үміт, қуаныш, ерекше махаббат сыйлайды.Сол махаббат, қуаныш пен үміт жыл бойы шаңырақта болсын! Мерекелік кештің қуанышқа толы көңілді сәттері жыл бойына әрбір шаңырақта сақталсын! Ескі жыл есіркеп, Жаңа жыл жарылқасын!

Құттықтау, тілектер
Толық

Жаңа жылға тілек пен құттықтау (сурет)

Бұл Жыл Сіздің жақсы тілектесіңіз болып, үлкен жетістіктерге жетелесін, барлық бастамаларыңызға табыс әкелсін.


Сізге және Сіздің ұжымыңызға зор денсаулық, шығармашылық табыстар, бақыт және бақ-береке тілеймін.
Сіз үшін ......... Жыл – барлық тілек пен үміттер орындалатын қуатты Жыл болсын.


Жаңа жыл баршаңызға бақытты болашаққа үміт, жаңа мүмкіндіктерге сенім ұялатып, жемісті бастамаларға жарқын келешек сыйлайды. Осы жаңа жыл күткенімізді ақтап, барлығымызға бейбітшілік, амандық және өркендік әкелсін.
Сізге және Сіздің жақындарыңызға мықты денсаулық, таусылмас қуат, шығармашылық табыстар мен сәттілік тілеуге рұқсат етіңіз.


Шаңырақтарыңызда ырыс-береке, мемлекетімізде бейбітшілік пен келісім болсын. Сіздерге шын ниетпен зор денсаулық, жарқын болашаққа сенімділік тілейміз. Үміттеріңіз бен тілектеріңіз орындалып, барлық бастауларыңыз сәтті нәтижелер берсін!


Алдағы Жыл тек игі жақсылықтарымен, ырыс-берекесімен, мол қуаныштарымен төрімізден орын алсын!

Құттықтау, тілектер
Толық

Жаңа жыл құттықтау мен тілек (смс, әзілді, досыма, сүйіктіме)

Жаңа Жыл жомарттығын жасасын! Бақытын саған себелесін, жұлдызыңды жарық етіп, бар армандарыңды орындасын!

Саған тілер басты тілегім — армандарың орындалсын! Өйткені адам арманына жетсе ғана, бақытты! Жаңа жылыңмен!

Құттықтау, тілектер
Толық

Ата-анаға жаңа жылдық құттықтаулар, тілектер

Әкешім! Өмірдің соқпағына қарамастан бізді өрге тартып келе жатқан, суыққа бір тоңдырмай мәпелеген, бар ыстық махаббатын бізге төккен Сіз, бірінші құттықтауға лайықсыз. Жаңа жыл тек жақсылықтарымен қуантсын! Деніңіз сау, жарқын жүзіңізді мұң шалмай, балаларыңыздың қуанышына марқайып отыра беріңіз!

Құттықтау, тілектер
Толық