Мектеп жасындағы есту қабілеті дамуы бұзылған баланы инклюзивті ортада әлеуметтендіру жолдары

 

Есту қабілеті бұзылған балалардың бірнеше ерекшеліктері бар. Есту қабілеті бұзылған балалары есте сақтау үшін көмекші құралдарды қолданады. Еліміздің қоғамдық өмірінде болып жатқан өзгерістер мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтендірудің объективті жағдайларын айтарлықтай өзгертеді.Бұл мақалада осы процестердің анықтамалары келтірілген, сонымен қатар мектеп – жасындағы оқушыларға психологиялық - педагогикалық сипаттама берілген.

kz
Толық

Қазақстандағы авиацияның дамуы

Қазақстандағы авиацияның дамуы 1926 жылдан басталады. Осы жылы Қызылорда аэропортының құмдауыт алаңынан алғаш болып аспанға ПО-2 ұшағы көтерілді. 1929 жылы Қызылорда – Мәскеу әуе жолы орнықты. Алматы – Мәскеу тұрақты әуе қатынасы 1940 жылы ПС-84 ұшағы арқылы жалғасты. 1970 жылы әуе жолының ұзындығы 75 мың км-ге жуықтады. Әуе жолы ол кезде Қазақстан астанасы – Алматыны одақтас республикалар астаналары және ірі өнеркәсіпті қалалармен байланыстырды. 1977 жылдан дыбыстан жылдам ұшатын ТУ-144 жолаушы алып ұшағы КСРО-да тұңғыш рет Алматы мен Мәскеуді жалғастырды. Республикамыздың аудан, облыс орталықтарының өзара әуе жолымен байланысы орнады. Республика әуе жолдарының ұзындығы 1975 жылы 80,0 мың км болды. Бұл сол кездегі жалпы одақтың әуе жолдары ұзындығының 11%-ы еді. Онан кейінгі жылдары ұшақ паркі сапа жағынан жаңартылып, сан жағынан өсе түсті. Республиканың әуе жолдарында Ан-24, Ил-18, Ил-62, Ту-134, Ту-154, Як-134, Як-40 ұшақтары жолаушыларға қызмет ете бастады. Жаңа техникалардың қолданылуына байланысты аэропорттар жүйесі едәуір ұлғайды. Ұшақтарды қондыру әрі қозғалысын басқарудың радио-радиолокациялық пен жарыққа негізделген техникалық құралдарын қайта құру және жаңарту жөнінде көп жұмыстар атқарылды. 1990 жылдардан бастап тәуелсіз Қазақстан Республикасы қалаларын дүниежүзінің көптеген қалаларымен байланыстырады. Астанадан тәулігіне – 150, Алматыда 200-ден аса әуе кемелері ұшады.

Мәтіндер
Толық

Би - мидың дамуына әсер етеді

Бимен шұғылдану арқылы дене бітімді сымбатты ұстауға болатыны қашаннан белгілі. Бірақ, би үйзелістен шығудың бірден бір жолы екенін сіз білесіз бе? Ол сондай-ақ, көңіл күйіңізді көтеріп, миыңыздың қарқынды жұмыс істеуіне де жол ашады.

Би миыңыздың қызметін қалай жақсартады? Бұл сауалға биомедицина мен медицина-әлеуметтік зерттеулер саласының маманы Алмаз Шарман жауап берді. Ғалымның айтуынша, би билегенде адам қас қағым сәтте....
Кеңестер | Ерлерге (жігіт) пайдалы кеңестер | Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер
Толық